AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызм...

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтің кезекшілігі күшейтіледі

Алматы Бүгін 18:11 124
Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтің кезекшілігі күшейтіледі
Алматы әкімдігі

5 қазанға қараған түні қалада қатты жауын-шашын болжануына байланысты жедел әрекет ету үшін мобильді бригадалар, арнайы техника мен мотопомпалар дайындалды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда ауа райының нашарлауына байланысты коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметтері күшейтілген кезекшілік режиміне көшеді.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 4 қазанда сағат 21:00-ден кейін аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Түн ортасынан кейін жауын-шашын күшейіп, түнде кей уақытта 15-20 мм-ге дейін қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Таңертең жауын-шашын бәсеңдеп, болжам бойынша 5 қазанда сағат 12:00-ге дейін тоқтайды. Сондай-ақ солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Су басу қаупінің алдын алу және жергілікті су басуы мүмкін жағдайды жедел жою үшін 70 мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылады. 337 арнайы техника, 103 мотопомпа және 2,4 мың құм салынған қап дайын тұр. Жұмысқа коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметінің 717 маманы жұмылдырылады.

Негізгі күш су жиналу қаупі жоғары учаскелерге бағытталады. Мұндай аумақтарда ассенизаторлық машиналар кезекшілік шығады. Жол саласы жұмысшылары мотопомпалармен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Жалпы, тәулік бойы кезекшілікке 3 080 жол саласы жұмысшысы мен 1 225 арнайы техника жұмылдырылады. Бұл жұмысқа «Алматы Тазалық» МКК және жеке мердігер ұйымдар тартылған.

Болжам бойынша 6 қазанда Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жауын-шашын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының әкімі қаланың көше-жол желісін кеңейту жобаларымен танысты

Бүгін 18:08

Бүгін Алматының бір метро станциясы жабылады

Бүгін 16:30

«Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді.

Бүгін 16:20

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

Бүгін 15:38

Қазақстанға мемлекеттік сапармен Оман Сұлтаны келеді

Бүгін 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);