AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47...

«Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді.

Әлеумет Бүгін 16:20 97
«Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді.
Ұлттық ұлан

Қазір ұландық Шымкент көшелерінде күн сайын патрульдік қызмет атқарып, қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қатардағы Денис Мухин Шымкент қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде қызмет атқарады. Бойы екі метрге жуық сарбаздың аяқ киім өлшемі – 47.

19 жастағы әскери қызметші Алматы облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылған. Әскерге дейін Талғар политехникалық колледжін «автоэлектрик» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Денис бала кезінен волейболмен айналысқан. Тоғызыншы сыныпта-ақ 45 өлшемді аяқ киім киді. Оның айтуынша, бойы мен аяқ киім өлшемінің үлкен болуы әкесінен дарыған.

Денистің бой ерекшелігі әскери қызметінің алғашқы күндерінде-ақ байқалды. Оқу пунктінде өзіне шақ аяқ киім іздестіріліп жатқанда, әскери бөлім берген кроссовкамен бірнеше күн жүруге тура келген.

Тыл қызметі көп ұзамай 47 өлшемді аяқ киім тауып берді. Содан бері ерекше үлкен бәтеңке ұландықтың әскери киіміндегі көзге бірден түсетін бөлшектердің біріне айналды.

Қазір ұландық Шымкент көшелерінде күн сайын патрульдік қызмет атқарып, қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Денис қаруластарының арасында бойымен ғана ерекшеленбейді. Ол қазақ тілін жақсы меңгерген және күнделікті қызмет барысында қазақша еркін сөйлеседі.

Бүгінде көшедегі жұрттың назары бойы ұзын ұландыққа жиі ауады. Ал қаруластары Денисті әзілдеп «Гулливер» деп атап кеткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскери қызметші
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін Алматының бір метро станциясы жабылады

Бүгін 16:30

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

Бүгін 15:38

Қазақстанға мемлекеттік сапармен Оман Сұлтаны келеді

Бүгін 15:06

Astana AI Film Festival 2026 жеңімпаздары жарияланды

Бүгін 11:46

Жексенбіге арналған ауа райы мәліметі

Бүгін 10:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);