Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / «Теке бұрқылы» амалы

«Теке бұрқылы» амалы

Керек кеңес 22.12.2022, 04:09 2,472
«Теке бұрқылы» амалы
fishing.kz

Арқада ақтүтек боран басталды. Бұл - осы адуын амалдың көрінісі.


Желтоқсанның соңғы онкүндігінің шымылдығын ашатын боранды да аязды бір амал бар. Ол «Теке бұрқыл» (Теке бұрқақ) деп аталады. Бұл - киіктің текесі үйірге түсіп, жұптасатын мезгіл. Осы кезде соғатын қарлы боранды да қазақ «текенің бұрқылы» дейді. Алты ай қыста шөлейт аймақтар­ды мекендеп жан бағатын түз та­ғысының топтасып табысуы, тұ­қымын көбейту қарекетіне кірісуі осы тұстан басталады.


«Арқаның Бетпақ деген  даласы бар,


Бетпақ-шөл, ойлы-қырлы  панасы бар.


Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ  өсіп-өнген,


Жәндіктің киік деген баласы  бар...», –


деп Сәкен (Сейфуллин) ақын жырла­ған дала падишасы, міне, осы киік...


Осы түз тағысы әр заманда небір зауал көрді. Иен далада 20 мыңы ғана қалған кезі де болған. Бірақ жойылып кетпеді. Еліміздің эколо­гиясының ең бір маңызды құрамдас бөлшегі ғой киік дегеніміз. Қазіргі уақытта олардың көбею қарқыны жақсы. Осыған байланысты үш географиялық аумақты мекендейді: Орал, Үстірт және Бетпақдала популяция­сы. Зерттеушілердің айтуынша, Орал популяциясында 512 мыңға жуық киік болса, Үстіртте 12 мыңдайы, қалғаны Бетбақдала популяциясын­да тіршілік етуде.


«Киікті қазақ және дейді бөкен,


Бетпақты байғұс бөкен  қылған мекен.


Киікті атып аңшы өлтіргенде,


Жазықсыз жан өлді деп ойлай  ма екен...», –


дейді ақын. Ол рас, қазақ киікті ақ­бөкен деп те атайды. Себебі, жазда сағымға араласып сап-сары болып самсап жататын жануар қар түскен­де ақжонданып, қылаң тартады. Осы ақбөкен жаз шықса болды, тағы кө­бейе түседі.


Өткен ғасырдың 80-жылдарын­да сайын далада 2 миллиондай киік жортса, тоқырау жылдарында соның 20 мыңдайы қалған еді.


«Жезкиік, біздің жаққа  қалай келдің?


Жолымды тіке кесіп  жанай бердің.


Адамның көздеріндей екі көзің,


Япырмай, дәтім шыдап  қалай көрдім?..».


Бұл - ақын Кәкімбек Салықовтың толғанысы. Иә, дала падишасын ақын қимағанмен, табиғат дұшпан­дары өлімге қиды... Шетінен қыр­ды...


2015 жылы елімізде киіктердің қырылуынан кейін Үкімет түз тағы­сын барынша қорғауға алып, бра­коньерлермен күресті күшейтті. Тиісті мемлекеттік органдардың жұмыстарының арқасында 2015 жылдан бері жылдық өсім 40–50 пайызды құрап отыр.


Көктемгі санақта 840 мың киік дегенмен, олардың төлі есепке а лынбаған. Қазір құралайлар жетіліп, қатарға қосылды. Құрала­йы егізден еріп, басы көбейді. 1 млн 300-ге жеткенін ақпарат құралдары­нан оқыдық.



Бүгін қолданыстағы күнтізбе бойынша, желтоқсанның – 22-сі. Ай жүйесі – 28-ін көрсетіп тұр. Қа­зақы есепке (ескіше) сүйенсек, желтоқсанның – 9-ы. Апта айдың басын да, ортасын да, соңын да қамтып тұр. Бұл көрініс алдағы жеті күн ішінде ауа райында өз­геріс болатынын білдірсе керек. Күн күліп те тұрады, бұлт та бола­ды, қар да орын алады.



Дегенмен, күн таңертең ызғар­лы болғанымен, түс кезінде аяз сы­нып, сәл де болса жылып, аспан ашық болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #Арқар #Боран
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Бүгін 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Бүгін 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Бүгін 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Бүгін 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика