AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының өнеркәсібі жыл басынан бері жоғары өсім...

Алматының өнеркәсібі жыл басынан бері жоғары өсім көрсетіп келеді

Әлеумет 01.12.2025, 14:42 449
Алматының өнеркәсібі жыл басынан бері жоғары өсім көрсетіп келеді
Алматы әкімдігі

2025 жылдың қаңтар-қазан аралығында Алматының өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1 944,2 млрд теңгеге жетіп, 12,3%-ға артты. Өңдеу өнеркәсібі 13,7%-ға өсіп, жалпы өнеркәсіптік шығарылымның 84,5%-дан астамын қамтамасыз етті. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері хабарлады.

Әсіресе, машина жасау, минералдық өнім, сусын, қағаз бұйымдары, химиялық және фармацевтикалық өнім, сондай-ақ тоқыма, киім және ағаштан жасалған бұйым өндірісінде жоғары өсім байқалады.

Сектордағы өсім қаланың ірі және орта өнеркәсіптік алаңдарындағы өнім өндіру көлемінің артуымен қамтамасыз етілді. Бұған дилерлер, құрылыс компаниялары және сауда желілері тарапынан тапсырыстың көбеюі де ықпал етті.

Жыл басынан бері индустриялық аймақта және «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында жалпы құны 225,3 млрд теңге болатын 8 жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін 80,2 млрд теңге көлеміндегі тағы 10 жобаны енгізу жоспарланып отыр.

Индустриялық аймақ аумағында жалпы құны 655,8 млрд теңге болатын және ондаған мың жұмыс орнын құрған жүзден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Биыл жаңа нысандар пайдалануға беріліп, 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, сондай-ақ шағын өнеркәсіптік парктер іске қосылды.

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақ аумағында цифрлық технология, күн панельдері және медициналық жабдық өндіру салаларында жобалар жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін тағы екі жаңа инвестициялық жобаны іске қосу көзделген. 

Қазіргі кезде «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында 193 қатысушысы тіркелген (оның ішінде 126 қатысушы экстерриториалды қызмет атқарады). Салынған инвестиция көлемі 258 млрд теңгеге, тауар, жұмыс және қызмет өндірісінің көлемі 1 трлн теңгеге жетті. Экспорт көлемі 17,8 млрд теңге, салық түсімі 72 млрд теңге, 6 974 жұмыс орны ашылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Рыбакина Германиядағы WTA-500 турнирінің финалына шықты

Бүгін 09:36

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 09:10

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Кеше 17:36

Түркияда тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық жарыс басталды

Кеше 17:17

Қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына 5 қола салды

Кеше 16:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика