Алғабастағы алапат өрттен тағы бір бала қайтыс болды

Алғабастағы алапат өрттен тағы бір бала қайтыс болды "7 арна" кадры

Өрттен тірі қалып, жансақтау бөлімінде жатқан  7 жастағы қыздың да қайтыс болғаны айтылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Алғабас ауылындағы өрттен бұған дейін 12 адамның, оның арасындағы 9 баланың көз жұмғаны ел тұрғындарының қабырғасын қайыстырды. Бүгін қаза тапқан балалардың саны 10-ға жетіп отыр. 

Бүлдіршін Жетісайдан тікұшақ арқылы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген еді. Десе де, дәрігерлердің барлық жанкешті іс-әрекетіне қарамастан, 7 жастағы қыздың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Марқұмның денесі туған ауылына жеткізіліп, жер қойнына тапсырылған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:25

17:43

17:25

17:14

16:53

16:41

16:29

16:08

15:47

15:20

15:08

14:48

14:37

14:20

14:04

12:29

12:16

12:05

11:51

11:46

11:32

11:20

10:50

10:45

10:40