Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / 2026 жылдан бастап дзюдо элементтері Келешек мекте...

2026 жылдан бастап дзюдо элементтері Келешек мектептерінде үйірме ретінде енгізіледі

Білім және ғылым 01.12.2025, 10:19 329
2026 жылдан бастап дзюдо элементтері Келешек мектептерінде үйірме ретінде енгізіледі
Алматы әкімдігі

Бұл жөнінде ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Азия дзюдо одағы өкілдерін қабылдауында айтты.

Министрдің Азия дзюдо одағының президентінің кеңесшісі, бірнеше дүркін әлем чемпионы Айдар Махметов және «Жеңіс» спорт клубының бас директоры Тимур Тұрсынбаевпен кездесуінде 2026 жылдан бастап пилоттық негізде «Келешек мектептерінде» дзюдо спорт түрін секциялық форматта іске қосу перспективасы талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасының аясында салынып жатқан 217 жаңа форматтағы мектептерде 460 мыңнан астам оқушы білім алады. Бүгінде бұл жаңашыл форматтағы мектептер қазақстандық білім беру жүйесінің инфрақұрылымдық жаңаруының және білім берудегі инновацияларды енгізудің авангардына айналды.

«Келешек мектептерінде сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар, шығармашылық, зияткерлік, спорттық үйірмелер арқылы балалардың бойында сыни ойлау, басқарушылық, тактикалық шешім қабылдау, физикалық даму, өзіне талап қою, тәртіпке бағыну, шыдамды болу және төзімділікті дамыту, жеңіске ұмтылу дағдыларын ерте жастан қалыптастыруға да басымдық берілуі тиіс. Соңғы жылдары дзюдоға қазақстандықтардың қызығушылығы артып, ол танымал спорт түріне айналып келеді, сондықтан министрлік федерациямен ынтымақтастықта жұмыс жасауға ниетті», — деді оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.

Өз кезегінде дзюдо федерациясының өкілдері 217 «Келешек мектебінде» ашылатын дзюдо үйірмелері үшін жаттықтырушыларды кәсіби дайындауды, сонымен бірге мектеп залдарын қажетті спорттық құрал-жабдықтармен, қатысушы оқушыларды арнайы кимономен қамтамасыз етуді өз міндеттеріне алатындарын жеткізді.

Айта кету керек, жобаны жүзеге асыруда әсіресе, ауыл мектептеріне басымдық беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#келешек мектептері #дзюдо
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі