AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Спорт ротасына әскерге шақырылғандар ант берді

Спорт ротасына әскерге шақырылғандар ант берді

Әлеумет 15.06.2021, 08:41 1,894
Спорт ротасына әскерге шақырылғандар ант берді
Сурет: Gov.kz

Алматыда Армиялық орталық спорт клубының спорт ротасын толықтырған сарбаздар салтанатты түрде әскери ант берді.


Спортшылар, ұлттық құрама командалардың мүшелері, халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері әскери ант берді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



– Бұл салтанатты шара - әр ер-азамат үшін маңызды және есте қаларлық сәт. Сіздер Отан алдында адал болуға ант беріп, Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына кірдіңіздер. Орталық спорт клубының спорт ротасында қызмет атқару - жауапты әрі құрметті іс. Сіздерге орталық спорт клубының әскері атағын абыроймен алып жүруді, спортта жеңістер мен жетістіктерге жетуді тілеймін, – деді Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы, Орталық спорт клубының бастығы Айталап Құрғамбаев.



Спорт ротасының қатарын 24 спортшы толықтырды. Олардың қатарында 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2018 және 2021 жылдардағы Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Токиода өтетін Олимпиада ойындарының лицензия иегері, бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әділхан Аманқұл, халықаралық рейтингтегі турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері, Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, таеквондодан спорт шебері Айтуар Шәйкенов, 2020 жылғы халықаралық турнирдің жеңімпазы, республикалық жарыстардың үш дүркін чемпионы, бокстан ҚР спорт шебері Әділет Досымбеков бар.



– Біз – олимпиада чемпиондары Дәулет Тұрлыханов, Анатолий Храпатый, Владимир Смирнов, Ольга Рыпакова, Серік Сәпиев сынды танымал әлем чемпиондарының дәстүрлерін жалғастырушылармыз. Біз еліміздің Қарулы Күштерін Дүниежүзілік әскери ойындарда және басқа да жарыстарда лайықты деңгейде көрсетеміз деп ойлаймын, – деп атап өтті жас сарбаз Айтуар Шәйкенов.



Армиялық орталық спорт клубында жаттығуларға қажетті жағдай жасалған. Әскери спортшылармен мықты нұсқаушылар мен жаттықтырушылар айналысатын болады. Жаңадан әскер қатарына қосылған сарбаздар республикалық және халықаралық жарыстарда командалар құрамында Қарулы Күштердің намысын қорғайтын болады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#маски #Пандемия #полиция #бесплатно #Қазақстан #Әскери #ант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35

Алматы кітапханасында Ілия Жақановтың сазды әндері шырқалды

Бүгін 11:19

Алматыда автобус жолақтары мен веложолдар желісі кеңейтіліп, бірқатар көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі

Бүгін 11:11

Алматыда «BIR TOLQYNDA» жобасы аясында жастармен ашық диалог өтті

Бүгін 11:09

Алматы әкімдігі Горький атындағы орталық саябақтағы 5 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарады

Бүгін 11:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);