AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Алматыда полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Заң мен тəртіп Бүгін 12:45 75
Алматыда полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
polisia.kz

20-22 қараша аралығында Алматы қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында республикалық "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара аясында полиция профилактикалық және жедел жұмыстарды күшейтті. Негізгі назар құқық бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесуге, қылмыстың алдын алуға және қаладағы криминогендік жағдайды тұрақтандыруға бағытталған.

Жол қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінеді. Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін қатаң бақылауға алады. Атап айтқанда, көлікті мас күйде басқару, белгіленген жылдамдықты асыру және жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өзге де әрекеттерге жол берілмейді.

Іс-шара барысында полицияның қажетті күштері мен құралдары жұмылдырылды. Жұмыс кешенді түрде ұйымдастырылып, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, әрбір жағдайға дер кезінде ден қоюға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беріледі.

– Біздің міндетіміз – құқық бұзушылықтарды анықтаумен ғана шектелмей, ең алдымен олардың алдын алу. Сондай-ақ туындаған қауіп-қатерлерге дер кезінде ден қойып, Алматының әрбір тұрғыны мен қонағы үшін қауіпсіз орта қалыптастыру маңызды. Әсіресе жол қауіпсіздігіне және қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін әрекеттердің жолын кесуге баса назар аударамыз, – деді Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

Полиция мегаполис тұрғындары мен қонақтарын заң талаптарын, жол қозғалысы ережелері мен қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады.

Қала қауіпсіздігі – баршаға ортақ жауапкершілік. Сондықтан әр азамат белгіленген талаптарды сақтап, қоғамдық тәртіпке бейжай қарамауы керек.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Заң мен Әділдік» жобасы арқылы кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдауды кеңейтті

Бүгін 13:35

Алматылық дәрігерлер күрделі отаны тіліксіз жасады

Бүгін 13:22

Қазақстанның үстел теннисінен әлем чемпионатына қатысатын спортшысы белгілі болды

Бүгін 12:00

«Әділет» партиясының кандидаттары №180 мектеп ұжымымен кездесті

Бүгін 11:53

Әлеуметтік кәсіпкерлік Алматыда қандай мүмкіндікке жол ашады?

Бүгін 11:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);