ffin.kz

Сарқан ауданында қуаты 50 МВт жел электр стансасы іске қосылды

Сарқан ауданында қуаты 50 МВт жел электр стансасы іске қосылды Сурет: Ашық дереккөз

Сарқан ауданында «жасыл» энергетиканы дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр


Сарқан ауданында қуаты 50 МВт «Абай-2» жел электр стансасының іске қосылуының салтанатты рәсімі өтті. Аудандағы осы ірі инвестициялық жобаға 19 млрд теңгеден астам жеке қаржы инвестициясы тартылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жалпы биылғы жылы облыста жиынтық қуаты 23,5 МВт болатын тағы 3 ГЭС пайдалануға беріледі. Қазіргі кезде өңірде жаңартылған энергия көздерінің 14 нысаны бар, олардың жалпы қуаты – 160 МВт.


Сарқан ауданы әкімдігінің мәліметіне қарағанда, Лепсі ауылдық округіндегі жел электр стансысының кезең-кезеңімен жүргізілген құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталған еді. Әсіресе, нысанның орналасатын жеріне ерекше назар аударылды. Жазық алқап - желдің жылдық орташа жылдамдығы үшін таптырмас жер, сондықтан онда жыл бойы электр энергиясын өндіруге болады. Нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары 2022 жылдың қараша айында толық аяқталған. Сол кезден бергі ЖЭС-те өндірілген электр қуаты 23,767 мың КВт/сағатқа жетті. 


Жалпы «ENEVERSE KUNKUAT» ЖШС іске асырған жоба аясында  16 жел қондырғысы орнатылған. Жел мачтының биіктігі - 100 метр, қалақшасының көлемі – 70 метр. Әрбір құрылғы шамамен 3,2 МВт электр энергиясын өндіре алады. Жалпы қуаты – 50 МВт. 


Атап өтсек, Сарқан ауданында «жасыл» энергетиканы дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ауданда іске қосу жоспарланған 5 су электр стансысының бүгінгі күні 3-еуі табысты жұмыс істеп тұр. Қалған 2-еуінің құрылысы биыл аяқталып, іске қосылады. Атап айтқанда, «Baskan Power» ЖШС-ның жалпы қуаты - 14,9 Мвт болатын, құны 11,7 млрд. теңгелік, 24 жұмыс орны құрылатын Жоғарғы Басқан ГЭС-2 және 3 жобасы. Оған қоса Кербұлақ ауданында қуаты 8,6 МВт, құны 6,3 теңгелік Көктал ГЭС-1 жобасы да бар. 


Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметіне қарағанда, 2021-2025 жылдар аралығында Жетісу облысында жалпы қуаттылығы 236,7МВт болатын 13 жаңартылған энергия көзі нысанын іске қосы жоспарланған. (ГЭС – 10, ЖЭС – 2, КЭС – 1). Соның 3-еуі бүгінгі күні пайдалануға берілген, тағы үшеуі биыл қолданысқа беріледі, жалпы қуаты 132,5 МВт қалған 7 нысан 2025 жылға дейін іске қосылуы тиіс.


Жалпы, Жетісу облысының өзінде өндірілетін электр энергиясының көлемі 479,2 млн. кВт/сағатты құраса, ондағы жаңартылған электр энергиясы көздерінің үлесі 340,6 млн. кВт/сағат болып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32