Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ресейден заңсыз әкелінген тауық жұмыртқалары анықт...

Ресейден заңсыз әкелінген тауық жұмыртқалары анықталды

Әлеумет 20.11.2025, 14:03 369
Ресейден заңсыз әкелінген тауық жұмыртқалары анықталды
Сурет: Gov.kz

Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық-санитариялық талаптарының бұзылғаны туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті хабарлады.

«Сырым» ветеринариялық бақылау бекетінде Самар облысынан (РФ) Қызылорда облысына бет алған жүк көлігі тоқтатылды. Тексеру барысында көлікте 63 мың дана тауық жұмыртқасы тасымалданып келе жатқаны белгілі болды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Құжаттық бақылау нәтижесінде заңбұзушылық анықталды: ветеринариялық ілеспе құжаттарда көрсетілген жүк жөнелтуші жануардан алынатын өнімдерді ЕАЭО елдеріне жеткізуге рұқсаты бар ұйымдардың тізіліміне енгізілмеген. Осы себепті жүк кері қайтарылды. Ал жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Тасымалдаушыға қолданыстағы ветеринариялық-санитариялық талаптар түсіндірілді.

Айта кетсек, 2025 жылдың басынан бері ЕАЭО елдерімен шекарада ветеринариялық-санитариялық инспекторлар 57 185 көлік құралын және шамамен 738 мың тонна мал шаруашылығы өнімдерін тексерген. Нәтижесінде 1 020 көлік кері қайтарылып, 397 әкімшілік хаттама толтырылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 19,7 млн теңгені құрады.

Сонымен қатар, үшінші елдермен шекарадағы өткізу бекеттерінде 21 654 автокөлік, 69 802 теміржол құрамы, 257 теңіз кемесі және 2,139 млн тоннадан астам мал шаруашылығы өнімі тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша 24 автокөлік кері қайтарылып, 24 әкімшілік хаттама ресімделді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#заңсыз әкелу #жұмыртқа #Ауыл шаруашылығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні

Бүгін 12:03

Алматыдағы сенбілік: көп жұмылған істе береке бар

Бүгін 11:31

Ақыл сайысы: Алматыдағы Республикалық дебаттық турнир қалай өтті

Бүгін 10:06

Қазгидромет 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

Бүгін 09:01

Алматылық спортшылар әлем чемпионатын екі қола медальмен қорытындылады

Кеше 20:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика