конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Құтқарушылар Сағыз ауылында эвакуацияланған тұрғын...

Құтқарушылар Сағыз ауылында эвакуацияланған тұрғындар үйіне оралғанын айтты

Әлеумет 31.03.2022, 05:52 1,339
Құтқарушылар Сағыз ауылында эвакуацияланған тұрғындар үйіне оралғанын айтты
Сурет: Inform.kz

Ноғайты өзеніндегі су деңгейі төмендеді.


Су тасқыны қаупіне байланысты Атырау облысының Сағыз ауылынан эвакуацияланған тұрғындар үйіне оралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 наурызда сағат 22:00-де Ноғайты өзені тасыған.


Ноғайты өзені Ақтөбе облысынан басталып, Атырау облысындағы Сағыз ауылы арқылы ағып, Қоңырсай өзеніне құйылады. Өзеннің тасуына қардың еруі себеп болған. Су деңгейі шамамен 3 метрге көтерілді.



«Сол себептен, Сағыз ауылындағы бірнеше үйді су басу қаупі төнді. Тұрғындарды құтқару жұмысына төтенше жағдайлар департаментінің (18 қызметкері), жергілікті атқарушы органның (25 қызметкері), жергілікті тұрғындар (100 адам), аудандық полиция бөлімінің (2 қызметкер 2 техника), «Шанхай контракшн» ЖШС (3 қызметкер, 1 тиегіш), «Адай» ЖК (3 қызметкер 1 тиегіш), «Ерболат» ЖК (1 қызметкер, 1 тиегіш) және «Қазақстан теміржолы» (30 қызметкер) компаниясының қатысуымен тұрғындарды жергілікті мектеп пен колледжге эвакуациялау жүргізілді. Ал өзен жағасы құм үйіндісімен бекітілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.



Эвакуацияланған тұрғындар саны – 50 адам. Оның ішінде 23 бала бар. 



«Бүгін, 31 наурызда, сағат 09:00 шамасында Ноғайты өзеніндегі су деңгейі төмендеді. Су басу қаупі сейілгеннен кейін сағат 03:30-да эвакуацияланған тұрғындар үйіне оралды», - деп мәлім етті департаменттен. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#су #өзен #Атырау облысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы экобекеттерінде жыл басынан бері көлік шығарындыларының белгіленген нормадан асқан 13 мыңнан астам жағдайы анықталды

Бүгін 17:01

Алматы педагогі «Ұстаз мәртебесі – Ұлт мерейі» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Бүгін 16:55

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтуде

Бүгін 16:29

Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасуда

Бүгін 16:16

Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама дайындалды

Бүгін 15:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);