AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүрі...

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Алматы Бүгін 11:45 26
Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр
Сурет: primeminister.kz

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Kazakh Tourism Development Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің отырысын өткізді. 

Жиында Almaty SuperSki жобасын жүзеге асыру барысы қаралды. Kazakh Tourism Development Ltd. бас атқарушы директоры Ержан Еркінбаев құрылыс алаңындағы жұмыстар белсенді кезеңге өткенін және бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын баяндады. 

Бүгінгі таңда PОМА француз компаниясымен бірлесіп, аспалы жолдардың іргетасын құю жұмыстары басталды. Сонымен қатар Almaty SuperSki жобасының жеке техникалық талаптарын ескере отырып, аспалы жолдардың жабдықтарын дайындау жұмыстары қатар жүргізілуде. Жобаны жүзеге асыруға отандық компаниялар тартылуда. Атап айтқанда, Almaty SuperSki жобасы аясында 11 аспалы жол салатын POMA компаниясы әлеуетті жергілікті өндірушілерге бағалау жүргізді. Талдау қорытындысы бойынша аспалы жолдардың жекелеген құрылымдық элементтерін еуропалық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес өндіру үшін қазақстандық кәсіпорын іріктелді. Бұл тәсіл отандық өнеркәсіпте технологиялардың қажетті трансфертін қамтамасыз етіп, жаңа құзыреттер қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Директорлар кеңесі қызмет көрсету бойынша жарияланған ашық конкурстың нәтижелерін тыңдап, технологиялық және экономикалық көрсеткіштердің кең ауқымын саралады. Мәселен, Foster+Partners бюросы әзірлеген архитектуралық тұжырымдаманы жүзеге асыруға тарту үшін индустриядағы әлемдік көшбасшы саналатын келесідей компаниялар таңдалып алынды:  Швейцариялық Blumer-Lehmann компаниясы жобаның Базалық және Жоғарғы стансалары ғимараттарының ағаш тірек конструкцияларын жобалауды, дайындауды, жеткізуді, монтаждауды техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.

Даниялық Bjarke Ingels Group компаниясы 24 халықаралық компанияның арасында өткен байқау қорытындысы бойынша таудағы ауыл тұжырымдамасын әзірлеумен айналысатын болды. Бюроның ұсыныстарының ішіндегі басты артықшылықтарының бірі – Almaty SuperSki жобасы бойынша жұмысқа тау шаңғысы мастер-жоспарлары мен курорттардың үздік жобалаушыларының бірі саналатын, 46 елде 1 мыңнан астам жобаны жүзеге асырған және туристік инфрақұрылымды тау шаңғысы кешендеріне кедергісіз логистика мен ski-in/ski-out тұжырымдамасын құра отырып интеграциялау тәжірибесі бар канадалық Ecosign компаниясын қосу. Сондай-ақ Bjarke Ingels Group британдық сәулетшілер компаниясымен тығыз жұмыс жүргізілуде, олардың портфолиосында Финляндиядағы курорттық ауыл, Швейцария тауларындағы кешен, Даниядағы төбесінде шаңғы трассасы бар ғимарат сияқты бірегей жобалар бар.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр жоба үздік әлемдік стандарттар бойынша жүзеге асырылып жатқанын және туризмнің дамуына елеулі серпін беретінін атап өтті. Құрылыс жұмыстарының қарқынын жеделдету және курорттың 2028 жылдың желтоқсанында іске қосылуын қамтамасыз ету тапсырылды. Директорлар кеңесінің келесі отырысы екі аптадан кейін өтеді, онда тау шаңғысы курорты құрылысының барысы туралы жауапты тұлғалардың есептері тыңдалады.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #құрылыс #туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда кәсіпкерлерге отынды пайдалануға қатысты жаңа талаптар түсіндіріліп жатыр

Бүгін 11:49

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығы тоғыз жылда 11,5 мыңнан астам адамға көмек көрсетті

Бүгін 11:31

Алты мыңнан астам қорғау нұсқамасы мен зардап шеккендерге көмек: Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен қалай күресіп жатыр?

Бүгін 11:28

Алматы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алып, әйелдердің құқығын қорғауды күшейтпек

Бүгін 11:24

Алматыда медициналық қызметтерді цифрландыру мәселелері талқыланды

Бүгін 11:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);