AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда кәсіпкерлерге отынды пайдалануға қатысты...

Алматыда кәсіпкерлерге отынды пайдалануға қатысты жаңа талаптар түсіндіріліп жатыр

Алматы Бүгін 11:49 23
Алматыда кәсіпкерлерге отынды пайдалануға қатысты жаңа талаптар түсіндіріліп жатыр
Алматы әкімдігі

Қағидалардың кейбір ережесі 2027 жылы қаңтарда күшіне енеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда шағын және орта бизнес нысандарынан бөлінетін зиянды шығарындыларды азайту жұмыстары жалғасуда. «Eco Almaty» ЖШС мамандары дәмхана, кәуапхана, монша және техникалық қызмет көрсету станцияларының иелеріне жаңа экологиялық талаптарды түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.

Көмір, отын және сұйық отынды пайдалануға ерекше назар аударылуда. Оларды жаққан кезде түтін, күйе және басқа да зиянды заттар бөлініп, атмосфераға таралады. Бұл жақын маңдағы тұрғын үйлердің ауа сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін.

«Eco Almaty» ЖШС мамандарының мәліметінше, түсіндіру жұмыстары барысында мамандар кәсіпкерлік нысандарында қандай отын қолданылатынын анықтап, кәсіпкерлерге Атмосфералық ауаны қорғау қағидаларының жаңа талаптарына алдын ала дайындалу қажеттігін түсіндіреді.

Атап айтқанда, құжатта шығарындылар деңгейі төмен аймақтардың (LEZ) газдандырылған бөліктерінде өндірістік мақсатта қатты және сұйық отынды пайдалануға шектеу қарастырылған. Сондай-ақ атмосфераны ластайтын тұрақты көздерден бөлінетін шығарындыларды тазартуға қойылатын талаптар белгіленген.

Қағидалардың кейбір ережесі 2027 жылы қаңтарда күшіне енеді. Оларды LEZ аумағында іс жүзінде қолдану үшін аймақтың шекарасы әкімдіктің жеке қаулысымен бекітілуге тиіс.

Кәсіпкерлерге табиғи газға көшуді алдын ала қарастыру, жабдықтардың жай-күйін тексеру және қажет болған жағдайда шығарындыларды тазарту жүйелерін орнату ұсынылады.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Алматының әртүрлі аудандарында жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар кәсіпкерлерді жаңа экологиялық талаптарға дайындауға және атмосфералық ауаның ластануын азайтуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Бүгін 11:45

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығы тоғыз жылда 11,5 мыңнан астам адамға көмек көрсетті

Бүгін 11:31

Алты мыңнан астам қорғау нұсқамасы мен зардап шеккендерге көмек: Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен қалай күресіп жатыр?

Бүгін 11:28

Алматы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алып, әйелдердің құқығын қорғауды күшейтпек

Бүгін 11:24

Алматыда медициналық қызметтерді цифрландыру мәселелері талқыланды

Бүгін 11:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);