AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның төрт облысында жол жабылды

Қазақстанның төрт облысында жол жабылды

Әлеумет 25.11.2022, 14:25 1,144 Almaty-akshamy
Қазақстанның төрт облысында жол жабылды
Сурет: Ашық дереккөз

Жолшылар күшейтілген жұмыс режиміне көшкен


Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Қазақстанның төрт өңірінде жол жабылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы таратқан мәліметке сенсек, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Қарағанды және Абай облыстарында боранға байланысты республикалық маңызы бар жолдардың учаскелерінде көлік қозғалысы шектелген.


Атап айтқанда бүгін кешкі 18.30-дан бастап Абай облысында «Алматы-Өскемен» тасжолының Жетісу облысының шекарасынан Аягөз қаласына дейінгі аралығы, Аягөзден Қалбатау ауылына дейінгі, Қалбатаудан ШҚО шекарасына дейінгі учаскесі жабылды.


Сондай-ақ «Таскескен-Бақты» жолының 0-184 шақырым аралығы жабық.


Жетісу облысында «Алматы-Өскемен» жолының Үшарал қаласынан Абай облысы шекарасына дейінгі аралығында көлік қозғалысына тыйым салынған.


Одан бөлек Шығыс Қазақстан облысында «Алматы-Өскемен» автожолының Абай облысы шекарасынан Қасым Қайсенов ауылына дейінгі аралығы жабылған.


«Өскемен-Шемонаиха-Ресей шекарасы» жолының 105-123 шақырым аралығында да қозғалысқа шектеу қойылды.


Бұл - Шемонаиха қаласынан Ресей Федерациясы шекарасына дейінгі учаске.


Сонымен қатар сағат 19.00-ден бастап Қарағанды облысындағы «Қарағанды-Балқаш» тасжолында жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу енгізілді


Айта кетейік, қазір жолдарда 60 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Қажет болған жағдайда техниа санын арттыру көзделіп отыр.


Жолшылар күшейтілген жұмыс режиміне көшкен.


Естеріңізге сала кетейік, республикалық жолда штаттан тыс жағдай туындаса, көлік иелері 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласа алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #жол #көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төлем жасау қағидаларын жаңартты

Бүгін 15:33

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Алматыда мәдени-ағартушылық жұмысты күшейтпекші

Бүгін 14:40

Алматы әуежайында заманауи өнер көрмесі ашылды

Бүгін 14:13

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика