AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Келешек мектептері: Қазақстанның білім беру инфрақ...

Келешек мектептері: Қазақстанның білім беру инфрақұрылымын жаңғырту

Білім және ғылым Бүгін 15:07 29
Келешек мектептері: Қазақстанның білім беру инфрақұрылымын жаңғырту
primeminister.kz

Соңғы жеті жылда 1 342 мектеп салынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгінде елімізде 8 мыңнан астам мектеп жұмыс істейді. Оның 5 мыңнан астамы ауылдық жерлерде орналасқан. Соңғы жеті жылда Қазақстанда 1 млн астам оқушы орнына арналған 1 342 мектеп салынды. Бұл мектептер желісін кеңейтуге, қолданыстағы білім беру ұйымдарына түсетін жүктемені азайтуға, сондай-ақ үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін кезең-кезеңімен шешуге мүмкіндік берді. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов мәлімдеді.

Үш ауысымды және апатты мектептер мәселесі

Вице-министрдің айтуынша, 2019–2026 жылдар аралығында елдегі үш ауысымды мектептер саны 5 есе, апатты мектептер саны 2 есе, ал оқушы орындарының жалпы тапшылығы 4 есе қысқарған.

Келешек мектептері ұлттық жобасы

Соңғы жылдардағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы.

«Жоба аясында еліміз бойынша 460 мың оқушы орнына арналған 217 мектеп салынды. Оның 84-і ауылдық жерлерде орналасқан. Барлық мектеп климаттық және сейсмикалық ерекшеліктер ескеріле отырып, жобалау, құрылыс және жабдықтау талаптарын қамтитын бірыңғай стандарт бойынша салынды. Бұл ірі қалалар мен шалғай елді мекендердегі балаларға бірдей білім алу жағдайын жасауға, сондай-ақ қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын қысқартуға мүмкіндік берді», – деді Жайық Шарабасов.

Жаңа мектептердің ерекшеліктері

Жаңа мектептердің аумағы типтік жобалармен салыстырғанда 15–20%-ға үлкен. Ғимараттарда бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған аймақтар бөлек қарастырылған. Бұл балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

«Келешек мектептері» жобасы аясындағы білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қалыптастырылған. Ғимараттар лифтілер, пандустар және арнайы бағыттауыштармен жабдықталған. Сонымен қатар психолог, логопед және дефектолог кабинеттері бар. Бұдан бөлек, мектептерде физика, химия және биология пәндеріне арналған заманауи зертханалар, STEM-сыныптар мен робототехника кабинеттері ашылды.

«Ұлттық жобаны жүзеге асыру нақты нәтижелер берді. Атап айтқанда, 54 үш ауысымды және 12 апатты мектептің мәселесі шешілді. Сондай-ақ 100-ден астам мектептегі оқушы орындарының тапшылығы азайды», – деп хабарлады оқу-ағарту вице-министрі.

Қаржыландыру көздері

Мектеп құрылысын қаржыландырудың тағы бір көзі – Мемлекет басшысының тапсырмасының аясында 2023 жылы құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры. Қор есебінен, оның ішінде мемлекетке қайтарылған сыбайлас жемқорлық активтерінен түскен қаржыға 100 мыңға жуық оқушы орнына арналған 90 білім беру нысанының құрылысы қаржыландырылды. Оның 83-і пайдалануға берілді, қалған жетеуін жыл соңына дейін ашу жоспарланып отыр.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #білім #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа колледж салу жоспарлануда

Бүгін 14:04

Есірткі тасымалдаған күдіктілер үш қалада ұсталды

Бүгін 13:07

Дзюдошы Санжар Еруланұлы Ташкентте жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Бүгін 12:05

Астанада хореографиялық оқу орындарының «Temps lié» IV халықаралық фестивалі ашылды

Бүгін 11:06

Қазақстанда америкалық авиация университетінің филиалын ашу жоспарлануда

Бүгін 10:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);