Бұған кернеуі 10 кВ болатын кабель желісін тарту жұмыстары себеп, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматыда 22 қарашадан 23 қарашаға қараған түні Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысын уақытша шектеу жоспарланып отыр. Бұған кернеуі 10 кВ болатын кабель желісін тарту жұмыстары себеп. Бұл туралы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппаратының өкілдері хабарлады.
Кабельді ашық әдіспен төсеу жұмыстары сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін жүргізіледі. Жұмыстар аяқталғаннан кейін мердігер ұйым жол жабыны мен көркейту элементтерін қалпына келтіреді.
Жүргізушілерден жол жүру бағытын жоспарлау кезінде алдағы уақытша шектеуді ескеру сұралады.