AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда 11 жаңа колледж салу жоспарлануда

Қазақстанда 11 жаңа колледж салу жоспарлануда

Білім және ғылым Бүгін 14:04 30
Қазақстанда 11 жаңа колледж салу жоспарлануда
Аlmaty.tv

Қазақстанда 16 мың студентке арналған 11 жаңа колледж салу жоспарланып отыр. Бұл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісін кеңейтіп, жастардың білім алуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Вице-министр Жайық Шарабасовтың айтуынша, қазір елімізде 763 колледж жұмыс істейді. Білім беру инфрақұрылымын дамытудың бұл бағыты еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби дағдыларды меңгеруге де жол ашады.

Жатақханалар желісінің кеңеюі

Сонымен қатар колледж студенттеріне арналған жатақханалар желісі де кеңейіп келеді. Қазіргі уақытта елімізде 45,6 мың орындық 602 жатақхана бар. 2019 жылдан бері 91 жатақхана пайдалануға берілген. Соның нәтижесінде студенттер жатақханасындағы орын тапшылығы алты еседен астам қысқарды.

Мектепке дейінгі білім беру

Мектепке дейінгі білім беру саласында да инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы жеті жылда Қазақстандағы мектепке дейінгі ұйымдар желісі 1 483 мекемеге толықты. Бүгінде елімізде 12 мыңнан астам балабақша мен басқа да мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оларға 1 миллионнан астам бала барады.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісі жаңа нысандар салу, қолданыстағы мекемелерді реконструкциялау және олардың қуаттылығын арттыру, сондай-ақ шағын орталықтар ашу есебінен кеңейіп келеді. Соңғы үш жылда осы ұйымдарда 234 мың жаңа орын ашылған.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #колледж #білім #жастар #техникалық білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Есірткі тасымалдаған күдіктілер үш қалада ұсталды

Бүгін 13:07

Дзюдошы Санжар Еруланұлы Ташкентте жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Бүгін 12:05

Астанада хореографиялық оқу орындарының «Temps lié» IV халықаралық фестивалі ашылды

Бүгін 11:06

Қазақстанда америкалық авиация университетінің филиалын ашу жоспарлануда

Бүгін 10:05

Қарулы күштердің 1500-ден астам сарбазы әскери ант қабылдады

Кеше 18:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);