AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов үш дүркін Аз...

Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов үш дүркін Азия чемпионы атанды

Әлеумет 07.06.2025, 13:00 880 Дина
Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов үш дүркін Азия чемпионы атанды
сурет: olympickz

Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өткен спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Нариман Құрбанов Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

7 маусымда Құрбанов ат снарядындағы финалдық бәсекеде өнер көрсетіп, 14,933 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Күміс жүлдені Оңтүстік Кореялық Хур Вун (14,633 ұпай), ал қола жүлдені Вьетнам спортшысы Данг Нгок Суан Тьен (14,233 ұпай) еншіледі. Сондай-ақ үздік бестікке қазақстандық Ілияс Азизов те (13,933 ұпай) енді.

Осы жеңісімен Құрбанов үш дүркін Азия чемпионы атанды. Бұған дейін ол 2022 жылы ат снарядынан күміс, ал 2023 және 2025 жылдары командалық көпсайыста екі қола медаль жеңіп алған болатын.

Қазіргі таңда Қазақстанның ерлер құрамасының қоржынында Азия чемпионатынан үш жүлде бар. Құрбановтың алтын және қола медальдерінен бөлек, Милад Карими едендегі жаттығудан күміс медаль еншілеген.

Айта кетейік, чемпионат 8 маусым, жексенбі күні мәресіне жетеді. Соңғы жарыс күнінде Милад Карими турник жаттығуынан жүлде үшін сынға түседі.

Еске салайық, 2024 жылы Париж Олимпиадасында Нариман Құрбанов күміс медаль жеңіп алған болатын. Бұл – Қазақстан тарихындағы спорттық гимнастикадан алғашқы Олимпиада жүлдесі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 11:29

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Кеше 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Кеше 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Кеше 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Кеше 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);