AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық әскерилер «Сұңқар аңшылығы» байқауына...

Қазақстандық әскерилер «Сұңқар аңшылығы» байқауына дайындалуда

Әлеумет 06.08.2021, 19:20 1,470
Қазақстандық әскерилер «Сұңқар аңшылығы» байқауына дайындалуда
Сурет: Gov.kz

Аталмыш конкурсқа Беларусь, Иран, Қазақстан және Ресей командалары қатысады. 


Отандық әскерилер Армиялық халықаралық ойындарға қатысу мақсатында дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Гвардейский гарнизонының «Мәтібұлақ» полигонында ұшқышсыз ұшатын аппараттар есептоптары Армиялық халықаралық ойындар шеңберінде өткізілетін «Сұңқар аңшылығы» конкурсына дайындалуда»,– делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 



Мамандардың айтуынша, өткен жылдардағы Армиялық ойындардағыдай біздің команда бұл жолы да «Skylark-1LEX» ұшқышсыз ұшатын аппараттарын пайдаланатын болады. 


Биылғы жылы Қазақстан командасының құрамы толық жаңартылды. Ұшқышсыз ұшатын құрылғыларға қызмет көрсету және оларды басқару курсынан өткен жас мамандар – ҰҰА кешендерінің операторлары іріктеліп алынды. 



«Мен Армиялық халықаралық ойындарға алғаш рет қатысқалы отырмын. Біздің даярлығымыз сияқты командалық рухымыз да жоғары деңгейде. Алға қойған мақсатымыз – үздік нәтиже көрсету», – деп өз ойымен бөлісті қатысушылардың бірі мотоатқыштар батальоны экипажының командирі лейтенант Артур Имашев. 



 «Сұңқар аңшылығы» конкурсы үш кезеңнен тұрады. Қатысушылар ҰҰА кешендерін ұшуға дайындау, әуеден барлау жүргізу нормативтерін орындайды. Түнгі уақытта артиллериядан оқ атуды түзетуде өз шеберліктерін көрсетеді. Сонымен бірге, бағдарламаға оқ ату және дене шынықтыру дайындығы бойынша жарыстар енгізілген. 


Армиялық халықаралық ойындарға қатысу әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және олардың кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал етіп, жауынгерлік оқу-жаттығуда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ынталандырады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#конкурс #әскер #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);