Тінту жүргізу барысында 44 түп «марихуанна» өсімдігі есірткі заттары тәркіленді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Маңғыстау облысы прокуратурасының бастамасымен ағымдағы жылдың қазан айындаесірткі заттарын заңсыз өсіруге арналған есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралар барысында есірткі заттарын өсіру және сақтаумен айналысқан тұлға ұсталды.
Тінту жүргізу барысында 44 түп «марихуанна» өсімдігі есірткі заттары, зертханалық жабдықтар (лампа, таймер) тәркіленді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, тұлғаның заңсыз әрекеті есірткі заттарын өткізугебағытталған.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.