AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда жол-көлік апаты азаймай тұр

Қазақстанда жол-көлік апаты азаймай тұр

Әлеумет 22.01.2023, 11:47 1,686 Аlmaty-akshamy.kz
Қазақстанда жол-көлік апаты азаймай тұр
сурет:ria.ru

Жол-көлік оқиғалары 6%-ға, олардан қайтыс болған азаматтар саны 7%-ға өскен.


Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр елдегі жол-көлік апаты туралы статистикалық деректерді жариялады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz



«Ресми статистикаға сәйкес, 2022 жылдың қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғалары 6%-ға, олардан қайтыс болған азаматтар саны 7%-ға және жараланғандар 6%-ға өскен. Талдау көрсеткендей, жолдағы апат статистикасының нашарлауы 2020-2021 жылдардағы пандемия кезеңінде енгізілген шектеулер аясында болып отыр. 2019 жылмен салыстырғанда апат саны шамамен 11%-ға, жараланғандар 14%-ға қысқарды, қайтыс болғандар саны іс жүзінде сол деңгейде қалды», - деп жауап берді Р. Скляр депутат сауалына.



Оған қоса, кейінгі жылдары елімізде автокөлік саны өсіп келеді және 4,7 млн көлік құралы бар (2019 жылы – 4,1 млн, 2020 жылы – 4,2 млн, 2021 жылы – 4,3 млн).


Барлық жол-көлік апатының 75%-ға жуығы елді мекендерде, «өлімге әкеп соғатын» ЖКО жартысына жуығы қала сыртындағы трассаларда болады. Әрбір үшінші жол-көлік оқиғасына ұшыраушы, қайтыс болған және жараланған әрбір төртінші адам – жаяу жүргіншілер. ЖКО-ның негізгі себептері жүргізушілердің жылдамдық режимдерін асыруы және жаяу жүргіншілердің жол жүру қағидаларын бұзуы болғандықтан, полиция тиісті ден қою шараларын күшейткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жол-көлік оқиғалары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);