Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 719 мыңнан а...

Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 719 мыңнан астам адам тұрады

Әлеумет 03.12.2023, 06:40 1,326
Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 719 мыңнан астам адам тұрады
almaty-akshamy.kz

3 желтоқсанда бүкіл әлемде Мүгедектер күні атап өтіледі. Егемендік алғалы бері елімізде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау, өмір сүру сапасын арттыру және олардың қоғамға толық интеграциялануы жөніндегі саясат жүзеге асырылуда. Мүгедектер күні –мүгедектігі бар адамдарға құрмет пен қолдау көрсетуге, қоғамда азаматтардың тең екенін және оны есте сақтау керектігін білдіреді.


Бүгінде Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 719 мыңнан астам адам тұрады. Бұл күн мүгедектігі бар азаматтардың мәселелеріне көңіл бөлуге, құқығы мен денсаулықтарын қорғауға, олардың саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірге қатысуынан қоғамға келетін басымдықтарға назар аударуға бағытталған.


Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар түрлі салада еңбек етуде. Олар Қазақстан Республикасы Парламентінің, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер, заңгерлер, әртістер және т. б. салалық мамандықты игеріп, жетістіктерге қол жеткізуде.


Бұл адамдар өздерінің мүмкіндіктері мүлдем шектеулі емес екенін және олар толыққанды өмір сүре алатындығын дәлелдеп келеді. Олар қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, өз кәсіптерін дамытып, би мен фитнеспен айналысып, әртүрлі спорт түрлерінде де биік белестерді бағындыруда.


Мүгедектігі бар адамдар өмірдің белгілі бір проблемалық аспектілерін талқылауға сарапшы ретінде белсенді қатысады. Мұндай тәжірибе тиімді шешімдер қабылдауға оң әсер етіп, азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін одан әрі жетілдіруге септігін тигізуде.



Соңғы жылдары мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету жүйесінде елеулі өзгерістер орын алды. Қазақстан Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялады, ол азаматтарымызға Мүгедектердің құқықтары жөніндегі БҰҰ комитетінің қарауына жеке өтініштер жіберуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік кодекс пен басқа да заңнамалар қабылданып, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға білім алуға, жұмысқа тұруға, медициналық, әлеуметтік көмекке және т.б. құқықтарға кепілдік беруде. Мүгедектігі бар ересек азаматтар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтары ашылуда. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесі жетілдірілуде. Республиканың барлық өңірлерінде кедергісіз орта құру бойынша жұмыстар атқарылуда.



Қазақстанда жынысына, жасына, ұлтына, физикалық ерекшеліктеріне және кез келген өзге де сипаттамаларына қарамастан, әрбір адам өзін толыққанды мүшесі ретінде сезінетін инклюзивті қоғамды дамыту жөніндегі жұмыстар өз жалғасын таба бермек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #мүгедек #қолдау #Құрмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Медеу ауданында кәсіби бағдар беру акциясы жалғасып жатыр

Бүгін 22:20

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика