Қазақ тіліндегі жасанды интеллект көмегімен жасалған алғашқы газет қалай пайда болды?

  • 11:12, 09 желтоқсан 2025
Қазақ тіліндегі жасанды интеллект көмегімен жасалған алғашқы газет қалай пайда болды? Видео кадры

XXI ғасырдың ең шешуші әрі тағдырлы күшіне айналған жасанды интеллект бүгінде әлемдік өркениеттің жаңа бетбұрысын бастап берді. Кеше ғана қиял-ғажайып фильмдердің арманын елестеткен интеллектуалдық машиналар бүгінгі күні ғылымнан бастап бизнеске, медицинадан журналистикаға дейін сан салаға дендеп енуде. Әлем елдері арасындағы технологиялық бәсекенің басты өлшеміне айналған бұл үдерістен Қазақстан да шет қалмай, ғылыми бағыттарын жаңаша жүйелі жолға түсіріп келеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің магистранты, сондай-ақ қазақ тіліндегі тұңғыш Ai-Tamyz конвергент жасанды интеллект газетінің редакторы Нұр-Алтай Өмірзақ  Айгерім Есімханның "АІ Ғылым" бағдарламасында сұхбат берді. Идея авторы - ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы Қанат Әуесбай.

Қазақ тіліндегі жасанды интеллект көмегімен жасалған алғашқы газет қалай пайда болды?

2025 жылғы ақпанда Италияда II Foglio газет алғаш рет жасанды интеллектінің көмегімен толыққанды мерзімді санын шығарды. Бұл жаңалық, халықаралық журналистика мамандығының магистранттарына, дәл осындай тәжірибені қазақ тілінде де жүзеге асыруға болатыны туралы жаңа идея берген. Осы ойдың негізінде алғаш рет жасанды интеллект генерациялаған қазақ тіліндегі конвергентті газет дайындалды.

Ai-Tamyz конвергентті жасанды интеллект газетінің редакторы Нұр-Алтай Өмірзақтың айтуынша, газеттегі мәтіндер мен иллюстрациялар нейромодельдер арқылы генерацияланған. Жасанды интеллект көмегімен әр материалдың аудио және видео нұсқасы да жасалып, QR-кодтар арқылы газет бетіне енгізілген.

"QR-кодтар әр мақаланың астында беттің оң жақ бұрышында орналассқан. Оқырман сол кодтарды сканерлеу арқылы материалдың аудио немесе видео нұсқасын көре алады. Бұл ең алдымен көру қабілеті төмен адамдарға ақпаратты толық қабылдау мүмкіндігін береді", - дейді ол.

Газет бетіне шыққан ақпараттың бәрін ЖИ жасағанымен, жоба барысында тілдік модельдердің қазақ тіліне әлсіздік көрсетуі түрлі қиындық туғызған. Кейбір мәтіндер қайта-қайта түзетуді, суреттер бірнеше мәрте генерациялануды қажет еткен.

Нұр-Алтайдың айтуынша қазақ тіліндегі дыбысты мәтінге түсіретін технологиялар да дамып келеді. Бірақ қазақша дыбыстардың толық базаға енбеуі салдарынан жүйе жиі қателеседі. Сондықтан қазір қазақ тілінің дыбыстық қорын толық енгізу үшін арнайы ғылыми жұмыс жүргізіліп жатыр. Мәтінді дыбыстау технологиялары да медиа саласында кеңінен қолданылып келе жатыр. Арнайы нейромодельдер адамның дауыс тембрі мен ырғақ ерекшеліктерін қабылдап, кез келген мәтінді дәл сол дауысқа ұқсатып оқи алады.

1. Қолжазбаны цифрға айналдыру

Арнайы смарт-қаламдар қолмен жазылған мәтінді компьютерге тікелей Word форматында түсіреді. Бұл — болашақта архив ісі мен білім беру саласында үлкен көмегі бар технология.

2. Дыбысты мәтінге айналдыру

Қазақ тіліндегі дыбыстар әлі толық енгізілмегендіктен, жүйе кейде қате жібереді. Қазір қазақстандық зерттеушілер қазақ дауыстарын ЖИ модельдеріне қосу бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

3. Мәтінді дыбыстау және дауыс клондау

Text-to-Speech бағдарламалары журналистикада жиі қолданылып келеді. Дауысты клондау да дамуда:

 "Өз дауысыңды енгізсең, бағдарлама сенің тембріңді үйренеді. Кейін мәтінді тура сен сөйлеп тұрғандай етіп оқиды. BBC, Al Jazeera және Қытайдың бірнеше арнасы мұндай ЖИ-дикторларды практикада қолдана бастады", - дейді ол.

ЖИ мен журналистің жұмысын ажыратуға мүмкіндік бар ма?

Қазіргі кезеңде жасанды интеллект жазған мәтінді адам мәтінінен ажыратуға әлі мүмкіндік бар. Мәтінде эмоцияның берілуі, құрылымы жағынан айырмашылық бар. Бірақ модельдер дамыған сайын бұл мүмкіндік жойылуы мүмкін.

"Дауыс клондау технологиясы фейк ақпараттың тарау қаупін жоғарылатады. Танымал тұлғалардың дауысын пайдаланып, жалған жарнама немесе өтірік ақпарат тарап кетуі мүмкін. Бүгінде бейне және аудионың түпнұсқалығын анықтайтын Big Data платформалары материалдың ЖИ арқылы жасалған-жасалмағанын толық көрсетеді. Егер материал расымен табиғи камераға түссірілсе, камера моделі, дыбыс құрылғысы, түсірілім уақыты, генерация іздері түгел көрінеді. Сол арқылы ЖИ-мен журналистің жұмысын ажыратуға болады", дейді Нұр-Алтай Өмірзақ.

Дрон-журналистикадағы жасанды интеллект

"Сонымен қатар, бізде дронды журналистика білім беру бағдарламасы бар. Сол жерде ЖИ көмегімен репортаждар жасау бағытында зерттеу жұмысын жасап жатырмын. Репортаж жасау үшін дронды қашықтықтан басқаратын болсақ, дронның табиғи даусы қатты шығады. Салдарынан сөйлеп жатқан адамның даусын есту мүмкіндігі төмен. Енді бұл мәселені шешу үшін ЖИ бағдарламалары құрастырылып жатыр. Ол адам аузының мимикасын оқиды. Яғни ол адамның қандай мәтін айтып жатқандығын мәтін түрінде жазып береді. Егер ол физикалық толқындарды көретін болса, ол адамның дыбысын ауыздың  мимикасына қарап, адамның даусын да шығарып алуға болады. Ондай зерттеу жұмыстары жасалынып жатыр", - дейді ол.

Ғылымға әсері және мүмкіндіктері

ЖИ-ге көп ақпарат  жүктелген сайын, ғылыми зерттеу мақаласын жазуға көптеген мүмкіндік ашады. Толыққанды диссертация жасауға, үй жұмытарын және бақылау нәтижелерін алуға мүмкіндік береді.

Нұр-Алтайдың айтуынша, бағдарламаларды толыққанды ғылыммен байланыстырып қоюға болмайды. Бұл күнделікті әрбір адамның өмірін жеңілдетуге арналған  бағдарлама. Яғни біз қандайда бір қиын істерді атқару барысында ЖИ сіздің жұмысыңызды жеңілдетіп береді. Бірақ толыққанды адамның қызметін алмастырып тастайды деген түсінік жоқ. 

Мәтінін редакциялаған - Жадыра Әділбек

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:05

12:47

12:32

12:19

12:07

11:57

11:46

11:33

11:21

11:12

11:06

11:00

10:39

10:26

10:16

10:03

09:56

09:43

09:34

09:28

09:19

09:06

08:58

08:43

18:25