Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Таиландқа демалып барған қазақстандық комаға түсті...

Таиландқа демалып барған қазақстандық комаға түсті

Мұны білген жөн 08.02.2026, 17:36 212
Таиландқа демалып барған қазақстандық комаға түсті
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Таиландта демалыста жүрген Қостанай тұрғыны Алексей Вивтоненко ауыр халде ауруханаға түсті. Ол қазір Пхукеттегі клиникалардың бірінде жансақтау бөлімінде жатыр. Туыстары отандастарынан көмек сұрап, қаржы жинауды бастады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Алексей Вивтоненко Таиландқа демалуға барған. 31 қаңтарда оның денсаулығы күрт нашарлап, медициналық көмекке жүгінген. Алғашқы емнен кейін беті бері қарағандай болғанымен, 2 ақпанда жағдайы қайта қиындап, ауруханаға өте ауыр халде жеткізілген.

Дәрігерлер оған бірнеше күрделі диагноз қойды:

  • Сепсиспен асқынған созылмалы панкреатит;
  • Бүйректің зақымдануы;
  • * Екі жақты пневмония.

«Қазір ол медикаментозды комада жатыр. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, сонымен қатар гемодиализ жасалып жатыр», — дейді науқастың жақындары.

Отбасының айтуынша, стандартты медициналық сақтандыру тек алғашқы екі күнді ғана (10 мың доллар көлемінде) өтеген. Қазіргі уақытта сақтандыру лимиті толық таусылған.

4 ақпаннан бастап барлық шығынды отбасы өз мойнына алды. Vachira Phuket Hospital клиникасында жансақтау бөлімінде жатудың бір күндік құны 860 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін (55-70 мың бат) жетеді. Бұл сомаға ота жасау шығындары кірмейді. Аурухана әрі қарай емдеу үшін 500 мың бат көлемінде депозит талап етіп отыр.

Дәрігерлердің айтуынша, Алексейдің жағдайы өте мүшкіл, сондықтан оны қазіргі уақытта Қазақстанға тасымалдауға рұқсат жоқ. Туыстары әлеуметтік желі арқылы халықтан көмек сұрап, Алексейдің өмірін сақтап қалу үшін жанталасып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таиланд #қазақстандық #демалыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Бүгін 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Бүгін 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Бүгін 17:27

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі»

Бүгін 17:15

Тоқаев: Digital Qazaqstan халық мүддесіне қызмет ететін құжат болуы керек

Бүгін 16:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика