AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчында 2,5 мыңнан астам...

"Қайрат" – "Реал Мадрид" матчында 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Барлығы 09.09.2025, 10:16 717
"Қайрат" – "Реал Мадрид" матчында 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Сурет: Polisia.kz

Алматыда полиция футбол матчы кезінде қауіпсіздік шаралары туралы айтты. 

"Қайрат" пен "Реал Мадрид" командалары арасындағы халықаралық футбол матчының қарсаңында Алматы қаласының полиция департаменті қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қабылдады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

 Қызметке 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері, сондай-ақ Ұлттық ұланның 300 әскери қызметшісі жұмылдырылады.

Олардың міндеті – қоғамдық тәртіпті сақтау, жанкүйерлер мен матчқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жол қозғалысын реттеу. Жол қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды.

Орталық стадион маңында көлік қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін, сондықтан тәртіп сақшылары қала тұрғындарынан бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.

- Сонымен қатар біз барлық жанкүйерлер мен қала тұрғындарын алаяқтықтың алдын алу мақсатында күмәнді интернет-платформалардан және "қолма-қол" сатылымнан билет сатып алудан бас тартуға шақырамыз. Алматы полициясы спорт мерекесінің қауіпсіз әрі жайлы өтуі үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Қауіпсіздік тек құқық қорғау органдарына ғана емес, әр жанкүйердің саналы әрекетіне де байланысты. Қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарап, полициямен ынтымақтастықта болуларыңызды сұраймыз. Біздің басты мақсатымыз – азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті сақтау, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #футбол #Қайрат ойыны #қауіпсіздік #Реал Мадрид
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда экономикалық мамандықтар бойынша республикалық семинар өтті

Бүгін 09:36

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелері Сыртқы істер министрлігінде талқыланды

Бүгін 09:13

Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бүгін 08:30

30 жылда 30 мың сәби: Репродуктивті медицинаның белесі

Кеше 19:50

Алматыда Механик-ғалымдар мен инженерлердің дүниежүзілік конгресі WCMSE-2026 ашылуы өтті

Кеше 19:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);