AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты...

Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Спорт Бүгін 08:30 43
Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Depositphotos.com

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Нұрғиса Әділетұлының жетістіктері

Спортшы 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол жұлқа көтеруде 182 келіні бағындырса, серпе көтеруде 217 келіні еңсерді.

Осылайша, қоссайыс қорытындысы бойынша 399 келі көтерген Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.

Сонымен қатар отандасымыз жұлқа көтеру мен серпе көтеру жаттығуларының әрқайсысында күміс медаль жеңіп алды. Осылайша, оның қоржынында әлем чемпионатының екі кіші күміс жүлдесі де бар.

Басқа қатысушылардың нәтижелері

Болгариялық Карлос Насар 415 (185+230) келі нәтижесімен алтын медаль жеңіп алды. Ал ирандық Али Алипур 396 (181+215) келімен үшінші орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасының жетістігі

Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі.

Алдыңғы жетістіктері

Еске салайық, биыл қыркүйек айында Нұрғиса Әділетұлы Аичи және Нагояда (Жапония) өткен жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған еді. Сол жарыста отандасымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 394 (177+217) келі көтерген болатын.

Нұрғиса Әділетұлы бұған дейін де әлем чемпионаттарында жүлде алған. Ол 2022 жылы Колумбияның Богота қаласында өткен әлем біріншілігінде күміс медаль иеленсе, 2024 жылы Бахрейннің Манама қаласында әлем чемпионы атанды.

Оқи отырыңыз: Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауыр атлетика #Қазақстан #Нұрғиса Әділетұлы #чемпионат #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай облысының фермерлері Алматыға арзандатылған бағамен 100 тоннадан астам азық-түлік әкеледі

Бүгін 10:16

Алматыда экономикалық мамандықтар бойынша республикалық семинар өтті

Бүгін 09:36

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелері Сыртқы істер министрлігінде талқыланды

Бүгін 09:13

30 жылда 30 мың сәби: Репродуктивті медицинаның белесі

Кеше 19:50

Алматыда Механик-ғалымдар мен инженерлердің дүниежүзілік конгресі WCMSE-2026 ашылуы өтті

Кеше 19:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);