AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау / Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелері...

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелері Сыртқы істер министрлігінде талқыланды

Жолдау Бүгін 09:13 37
Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелері Сыртқы істер министрлігінде талқыланды
ҚР СІМ

Жолдау ережелерінің орындалу барысы министрлік басшылығының тұрақты бақылауында болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің алқа отырысы өтті. Отырыс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында қойылған міндеттерді іс жүзінде іске асыру, сондай-ақ Жолдаудың негізгі тезистерін шетелде түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық-имидждік жұмыстың кешенді жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналды.

Отырысты ашқан ҚР Сыртқы істер министрі биылғы Жолдаудың терең символдық мәнге ие екенін атап өтті. Өйткені ол еліміздің Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аталып өтіп жатқан жылы жарияланып, Қазақстанның одан әрі дамуының негізгі бағдарлары мен бағыттарын, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

М. Тілеуберді Сыртқы істер министрлігінің барлық ағымдағы және перспективалық қызметі Президент Жолдауын іске асыруға жұмылдырылып, осы бағытта үйлестірілуі тиіс екенін атап өтті. Құжат орталық аппарат пен шетелдегі барлық мекеменің күнделікті жұмысына ортақ бағдар болып, сыртқы саяси шаралардың бірыңғай стратегиялық бағыттылығын қамтамасыз етуге тиіс.

Қазақстан стратегиялық әріптестерімен тату көршілік қатынастарды нығайту, транзиттік-логистикалық әлеуетті дамыту және өнеркәсіптік кооперацияны тереңдету бағытындағы дәйекті саясатын жалғастырады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен шетелдегі мекемелер қызметінің негізгі басымдықтарының бірі инвестициялар тарту және өндірістерді оқшаулау болып табылады. Бұл инвесторларды белсенді іздестіруді, «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс» аясында технологиялар мен ноу-хауды трансферттеуді, сондай-ақ әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымы нысандарын кешенді жарақтандыруды көздейді.

Министр шетелдегі мекемелер басшыларының назарын цифрландыру, жасанды интеллект және «жасыл» энергетика салаларындағы жобаларды іске асыруға шетелдік әріптестерді тарту міндеттеріне аударды. Сонымен қатар Транскаспий халықаралық көлік бағдары мен Қазақстан аумағы арқылы өтетін басқа да транзиттік дәліздерді одан әрі ілгерілетудің қажеттілігі атап өтілді.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын (ЖІШ) практикалық тұрғыдан жүзеге асыру мәселелері жан-жақты қаралды. Жолдау ережелерінің орындалу барысы министрлік басшылығының тұрақты бақылауында болады.

Алқа отырысы бейнеконференцбайланыс форматында өтіп, оған ҚР Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстанның шетелдегі елшіліктері мен тұрақты өкілдіктерінің басшылары қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай облысының фермерлері Алматыға арзандатылған бағамен 100 тоннадан астам азық-түлік әкеледі

Бүгін 10:16

Алматыда экономикалық мамандықтар бойынша республикалық семинар өтті

Бүгін 09:36

Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бүгін 08:30

30 жылда 30 мың сәби: Репродуктивті медицинаның белесі

Кеше 19:50

Алматыда Механик-ғалымдар мен инженерлердің дүниежүзілік конгресі WCMSE-2026 ашылуы өтті

Кеше 19:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);