AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Оқырмандар қандай кітаптарды іздеп жүріп оқиды?

Оқырмандар қандай кітаптарды іздеп жүріп оқиды?

Әлеумет 21.04.2023, 16:44 1,221
Оқырмандар қандай кітаптарды іздеп жүріп оқиды?
Сурет: Egemen.kz

Елордада халықаралық «EURASIAN BOOK FAIR — 2023» кітап көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр.


Жәрмеңкеге ТМД, Еуропа мен Азия елдерінің баспа үйлері, кітап дүкендері, ғылыми-білім беру және полиграфия компаниялары қатысып жатыр. Қуантарлығы келушілердің қатары көп, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.


Egemen.kz  тілшісі осы тұста қазақ оқырмандарының не оқып жүргенін танымал баспа үйлерінен сұрап көрген: 


«Фолиант» баспасы: Қазір оқырман сұранысы әртүрлі. Бірақ, қазақ жазушылары көп оқылады. Соның ішінде ең көп сұраныста деп Дулат Исабековтың «Қарғын» кітабын айтуға болады. Жастар көп оқиды. Одан кейін тарихи кітаптар, мәселен, «Көшпенділерді» сұрайды. Мұхтар Мағауиннің кітаптарын алады. Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» романы да оқылымды. Абай Құнанбайұлының қара сөздерін іздеп жатады.


Бізде балалар әдебиеті де сұранысқа ие. Соның ішінде мектеп жасындағы балалар «Менің атым Қожаны» жақсы көреді.


«Мазмұндама» баспасы: Бізде көбіне мотивациялық, психологиялық кітаптар сұранысқа ие. Оқырмандар сол бағыттағы кітаптарды көп алады. Соңғы кездердегі топ-3 кітапты атап өтуге болады. Қазір бізде бірінші орында жақында жарық көрген Перизат Мырзахметтің «Өмірдің аты М» кітабы болса, екінші орында «Тармақтар» жобасы шығарған кітап. Көп оқырман іздеп келеді. Ол кітапта қазақ ақындарының өлең жолдары жазылған әрі кітаптағы QR арқылы өлеңді тыңдауға болады. Ал үшінші орында «Феррариін сатқан монах» кітабы дер едім. Одан кейінгі тізімді мотивациялық, психологиялық кітаптармен жалғастыруға болады.


«Qasym kitap» баспасы: Біздің кітаптар - классикалық әдебиеттер. Яғни оқырмандарымыз да классиканы жақсы көретін, іздеп оқитындар. Жас оқырмандарымыз өте көп. солардың арасында Дулат Исабековтың «Қарғын», «Гаухартас» романдары мен Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы өте көп оқылады. 


«Отбасы хрестоматиясы» баспасы: Біздегі ең оқылымды, сұранысқа ие кітап - ол «Бейсен және болмыс». Одан кейін ата-ана мен балаға арналған кітабымыз бар. Ішінде күн сайын орындауға арналған тапсырмалары бар, шағын ертегісі бар, хикаясы бар, бір оқиғасы бар, Ыбырай Алтынсариннің, Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары бар. 30 сабақтан тұратын жинақ. Одан кейін кезінде Алаш азаматтары аударған әңгімелерді шығарғанбыз. Ол да сұраныста, өз оқырмандары бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап #жәрмеңке #оқырмандар сұранысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кей қазақстандықтар құмар ойынға қатыса алмайтын болды

Бүгін 12:04

Тоқаев Король Виллем-Александрды Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады

Бүгін 11:52

Алматыда биыл тұрғын үйлерге 300-дей тексеріс жүргізеді

Бүгін 11:36

Халықаралық заманауи өнер көрмесі өтті

Бүгін 11:02

Бас Прокурор Қазақстандағы Америкалық сауда палатасы өкілдерін және ірі инвестор компанияларды қабылдады

Бүгін 11:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика