AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Алатау ауданында өндіріс көлемі 743,8 мл...

Алматының Алатау ауданында өндіріс көлемі 743,8 млрд теңгеге жетті

Алматы 23.09.2026, 12:29 226
Алматының Алатау ауданында өндіріс көлемі 743,8 млрд теңгеге жетті
РСК Алматы

Қаланың жалпы өнеркәсіп өндірісі көлемінің 42,5%-ы Алатау ауданына тиесілі, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алатау ауданында 2026 жылғы қаңтар–шілде айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 743,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 28,8%-ға артты. Осы кезеңде бөлшек сауда тауар айналымы 290,9 млрд теңгеге, негізгі капиталға салынған инвестиция 279,5 млрд теңгеге жетті. Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алатау ауданының әкімі Данияр Қырықбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы баяндады.

Жеті айдағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 743,8 млрд теңгені құрап, өткен жылы бұл көрсеткіш 576,6 млрд теңге болған. Нақты көлем индексі 151,9%-ды құрады. Қаланың жалпы өнеркәсіп өндірісі көлемінің 42,5%-ы Алатау ауданына тиесілі.

«Өнеркәсіп секторы аудан дамуының негізгі бағытының бірі болып қала береді. Қазір өнеркәсіп өнімінің көлемі былтырғы осы уақытпен салыстырғанда оң өзгеріс көрсетіп отыр», – деп атап өтті Данияр Қырықбаев.

Сауда саласында есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымы 290,9 млрд теңгені құрады. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда ол 29 млрд теңгеге немесе 11%-ға өскен.

Тағы бір маңызды көрсеткіш – инвестиция көлемінің артуы. Жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестиция 279,5 млрд теңгені құрап, өткен жылғы деңгейден 81,9 млрд теңгеге жоғары болды.

Салық түсімі бойынша да оң динамика байқалады. 2026 жылдың басынан бері ауданнан мемлекеттік бюджетке 119,9 млрд теңге түсті. Бұл былтырғы осы кезеңіндегі 113,1 млрд теңге көрсеткіштен 6,5 млрд теңгеге артық.

Жалпы соманың 47,5 млрд теңгесі республикалық бюджетке, 72,1 млрд теңгесі жергілікті бюджетке бағытталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Бүгін 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Бүгін 19:15

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 18:03

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Бүгін 16:54

Алматыда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);