AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Алатау ауданында жаңа оқу жылына 3,2 мың...

Алматының Алатау ауданында жаңа оқу жылына 3,2 мың орындық мектеп пайдалануға берілді

Алматы Бүгін 13:35 56
Алматының Алатау ауданында жаңа оқу жылына 3,2 мың орындық мектеп пайдалануға берілді
Алматы әкімдігі

Алатау ауданында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Биыл мұнда жаңа мектеп пен балаларға арналған қосымша білім беру орталығы ашылып, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету нысаны салынып бітті. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласында жаңа жобалар қарастырылған. Ауданның атқарған жұмысы туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алатау ауданының әкімі Данияр Қырықбаев мәлімдеді.

Жаңа оқу жылына орай ауданда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жалпы сыйымдылығы 3 200 орын болатын екі жаңа мектеп ашылды. Ақмаржан шағын ауданында 2 000 орындық, Ғажайып шағын ауданында 1 200 орындық мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар Зерделі шағына уданында 550 орындық мектеп қолданысқа беріліп, Қарасу шағын ауданындағы №160 мектеп реновациядан кейін қайта жұмысын бастады.

«Білім беру инфрақұрылымын дамыту аудан үшін басым бағыттың бірі болып қала береді. Жұмыс тек жаңа нысандар салумен ғана шектелмей, қолданыстағы мектептерді жаңартуды да қамтиды. Бұл ауданның әртүрлі шағын аудандарында білім беру жүйесінің мүмкіндігін бір мезетте кеңейтуге мүмкіндік береді», – дейді аудан әкімі Данияр Қырықбаев.

Балалардың мектептен тыс уақытта іспен айналысуына да қосымша мүмкіндік жасалды. Саялы шағын ауданында екінші Инновациялық шығармашылық орталығы ашылды. Мұнда екі бассейн, бокс залы, шығармашылық және спорт сабағына арналған кеңістік қарастырылған.

Тағы бір бағыт – медициналық инфрақұрылымды дамыту. Саялыда алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету орталығы салынып бітті. Оны қазан айында ашпақшы. Дарабоз шағын ауданында 300 орындық көпбейінді ересектер ауруханасы мен 200 орындық перинаталдық орталық салынады.

Ауысымына 400 адам қабылдауға арналған тағы бір емхана салу үшін ауданы 1,3 гектар жер учаскесі белгіленді.

«Денсаулық сақтау саласын дамыту алғашқы медициналық көмек көрсететін нысандардан бастап ірі стационарларға дейінгі әртүрлі деңгейдегі нысандарды қамтиды. Бұл жұмыстың бір бөлігі аяқталған нысандар қатарында болса, басқа жобалар алдағы кезеңге жоспарланған», – деді әкім.

Тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсету жұмысы да жалғасты. Алатау ауданында халықтың әртүрлі санатына арналған бес жоба жүзеге асып жатыр: «Бақытты отбасы», «Белсенді ұзақ өмір орталығы», «Тең Қоғам», «Дәстүрлі қолөнерді дамыту» мен «Шыңға өрлеу». Бұл жобалардың жалпы бюджеті 203,6 млн теңгені құрайды.

Жыл басынан бері 421 отбасынан 2 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды. Бұл мақсаттарға 278 млн теңге бағытталды. Біржолғы әлеуметтік көмек 3 053 тұрғынға көрсетіліп, оған жалпы 280 млн теңге жұмсалды.

6 590 алушы оңалту қызметтерімен және техникалық құралдармен қамтамасыз етілді. 96 отбасына жалпы сомасы 4 млн теңге болатын тұрғын үй көмегі көрсетілді. Сондай-ақ 185 анаға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» мемлекеттік марапаты табысталды.

«Аудандағы әлеуметтік жұмыс бірнеше бағытты қамтиды және тұрғындардың әртүрлі санатына арналған. Қолданыстағы көмек түрімен қатар, отбасыларға, зейнеткерлерге, ерекше қажеттілігі бар адамдар мен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға арналған жеке жобалар жұмыс істейді», – деп толықтырды сөзін Данияр Қырықбаев.

Осылайша, Алатау ауданында әлеуметтік инфрақұрылымның бірнеше бағыты – білім беру, денсаулық сақтау, балаларға қосымша білім беру мен халықты әлеуметтік қолдау жағы қатар қатар дамып келе жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кино тарихы тоғысқан жаңа мәдени кеңістік

Бүгін 14:10

Алматыда Жастар кеңесінің жаңа құрамына өтінім қабылдау басталды: өтінімді қалай беруге болады?

Бүгін 14:07

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кеңесін өткізді

Бүгін 14:00

Алатау ауданы көгалдандыру жұмысына қатты көңіл бөліп отыр

Бүгін 13:45

Алатау ауданында сумен жабдықтайтын және кәріз желісін кеңейтіп, жаңа жол салынды

Бүгін 13:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);