AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алатау ауданында сумен жабдықтайтын және кәріз жел...

Алатау ауданында сумен жабдықтайтын және кәріз желісін кеңейтіп, жаңа жол салынды

Алматы Бүгін 13:42 44
Алатау ауданында сумен жабдықтайтын және кәріз желісін кеңейтіп, жаңа жол салынды
Алматы әкімдігі

Биыл 90 шақырымнан астам жаңа жолдың құрылысы басталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алатау ауданындағы Шапағат, Теректі, Болашақ пен Рахат-Мәдениет шағын ауданында биыл ұзындығы 272,4 шақырым болатын сумен жабдықтайтын желі мен кәріз желісінің құрылысы аяқталады. Бұл жобаларды іске асыру шамамен 34 мың тұрғынды орталықтандырылған коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Инженерлік және көлік инфрақұрылымының қазіргі даму барысы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Данияр Қырықбаев толығырақ баяндады.

«Инженерлік инфрақұрылымды аумақтардың өсуімен қатар дамыту – негізгі міндеттің бірі. Бұл жобалардың аяқталуы тұрғындарды орталықтандырылған сумен жабдықтап, кәріз жүйесімен қамтып, коммуналдық қызметтің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – дейді аудан әкімі.

Алатау ауданының 13 пен 14 аумағында да қосымша жұмыс істеліп жатыр. Мұнда жалпы ұзындығы 33,2 шақырым болатын орталықтандырылған кәріз желісі салынады. Бұл жұмысты келер жылы бірінші тоқсанда аяқтамақшы.

Сонымен қатар жол желісі де дамып келеді. Биыл Боралдай, Теректі мен Рахат-Мәдениет шағын ауданында 78,3 шақырым жаңа жол салынады. Рысқұлов даңғылында тағы 2,3 шақырым, Тілендиев көшесінде 10,5 шақырым жаңа жол салынып жатыр.

Осылайша, биыл 90 шақырымнан астам жаңа жолдың құрылысы басталды.

Жаңа құрылыс жұмысынан бөлек, жалпы ұзындығы 61,1 шақырым болатын 95 көшеге орташа жөндеу жүргізіледі. Қазір 47 шақырым жол жөнделді.

Қосымша ауданда 3 мың шаршы метр тротуар абаттандырылып, 130 құдық қақпағын орнатып жатыр.

«Жол және инженерлік инфрақұрылымды дамыту – ауданның одан әрі кешенді дамуының негізі. Жаңа тұрғын үй аумақтарын игерумен қатар жолдар, инженерлік желілер және қалалық инфрақұрылымның басқа да элементтері салынуы қажет», – деп атап өтті Данияр Қырықбаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кино тарихы тоғысқан жаңа мәдени кеңістік

Бүгін 14:10

Алматыда Жастар кеңесінің жаңа құрамына өтінім қабылдау басталды: өтінімді қалай беруге болады?

Бүгін 14:07

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кеңесін өткізді

Бүгін 14:00

Алатау ауданы көгалдандыру жұмысына қатты көңіл бөліп отыр

Бүгін 13:45

Алматының Алатау ауданында жаңа оқу жылына 3,2 мың орындық мектеп пайдалануға берілді

Бүгін 13:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);