AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алатау ауданы көгалдандыру жұмысына қатты көңіл бө...

Алатау ауданы көгалдандыру жұмысына қатты көңіл бөліп отыр

Алматы Бүгін 13:45 40
Алатау ауданы көгалдандыру жұмысына қатты көңіл бөліп отыр
Алматы әкімдігі

Алатау ауданы санитарлық тазалап, жасыл аумақтарды күтіп ұстауға көңіл бөліп, қоғамдық кеңістікті абаттандырып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ауданда 730 көше бар. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында шағын аудандарды тазалау, ағаштарды қырқу, балалар алаңын сырлау мен қоғамдық аумақтарды қалпына келтіру жұмысы күшейтілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі қалалық ортаны күтіп ұстау бойынша атқарылып жатқан жұмыс пен алға қойған міндет туралы айтты.

Ауданның санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге 111 арнаулы техника мен 260 жұмысшы жұмылдырылған. Күнделікті тазалық жұмысына 730 көше, 300 шақырым арық желісі, 60 шақырым өзен арнас мен 54 шақырым габиондық каналдар қамтылған.

Қалдықтарды жинау жүйесін жетілдіру жұмысы да жалғасты. 2025 жылы ескі үлгідегі 255 контейнер пластикалық контейнерлерге ауыстырылып, Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы қосымша 73 жерасты контейнерін орнатты.

Аудан әкімі аумақты көгалдандыру жұмыстары туралы да айтты. «Алатау ауданында 145 жасыл аумақ бар, оның ішінде 25 саябақ пен жаяу жүргіншілер аймағы, 119 балалар және спорт алаңы және бір бульвар орналасқан. Оларды күтіп ұстаумен 11 компания мен 260 жұмысшы айналысады», – деді Данияр Қырықбаев.

Биыл 17 мың ағашты қырқып, 38 мың шаршы метр жерге көгал төселеді.

Жасыл желекті күтіп ұстау үшін ауданда механикалық және автоматты суару жүйелері ұйымдастырылған. Механикалық суару жалпы аумағы 96,3 гектар болатын 85 аумақта жүргізіледі. Бұл жұмысқа 29 техника жұмылдырылған. Автоматты суару жүйелері жалпы аумағы 25 гектар болатын 18 аумақта жұмыс істейді.

Биыл автоматты суару жүйесін одан әрі дамыту мақсатында қосымша 28,2 шақырымдық желі тартыла бастады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жасыл желек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кино тарихы тоғысқан жаңа мәдени кеңістік

Бүгін 14:10

Алматыда Жастар кеңесінің жаңа құрамына өтінім қабылдау басталды: өтінімді қалай беруге болады?

Бүгін 14:07

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кеңесін өткізді

Бүгін 14:00

Алатау ауданында сумен жабдықтайтын және кәріз желісін кеңейтіп, жаңа жол салынды

Бүгін 13:42

Алматының Алатау ауданында жаңа оқу жылына 3,2 мың орындық мектеп пайдалануға берілді

Бүгін 13:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);