ffin.kz

Нұрсұлтанның әлемі

Нұрсұлтанның әлемі almaty-akshamy.kz
Еңбек адамы

 

Елімізде спорттың әр саласы қарқынды дамып келеді. Соның ішінде джиу-джитсу күресі ерекше қарқын алып, жастар арасында танымал спорт түріне айналды. Алматы қаласында және Алматы мен Жетісу облыстарында арнайы спорт залдарын ашып, джиу-джитсудың дамуына елеулі үлес қосып жүрген, грэпплингтен Азия чемпионы, джиу-джитсудан қара белбеу иегері Нұрсұлтан Орынбасаровтың еңбегі бұл бағытта ерекше.

Спорт – патриотизмнің мектебі

Нұрсұлтан Орынбасаров негізін қалаған «Sagadat batyr-QTT» спорт клубы елімізде ғана емес, көршілес Қырғызстан мен Ресейде өткен халықаралық турнирлерде де үздік нәтижелер көрсетіп келеді. Спорт клубына Сағадат Нұрмағамбетовтің есімін беру арқылы ол жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеуге ден қойды.

«Бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін рухы биік, дені сау ұрпақ тәрбиелеу қажет. Чемпион болмаса да, Отанға адал қызмет ететін азаматтарды тәрбиелеуді мақсат етеміз», – дейді спортшы.

Спортқа жол ерте басталады

Нұрсұлтан Орынбасаровтың айтуынша, джиу-джитсуға 4 жастан бастап берген дұрыс. Алайда жас шектеуі жоқ, бұл спорт түрімен тіпті 40 жастан асқан азаматтар да айналыса алады. Дегенмен, балаға спортқа қызығушылықты ояту және оның денсаулығына зиян келтірмеу үшін бапкердің тәжірибесі маңызды рөл атқарады.

«Жақсы бапкер баланың жеңіске жетуіне ғана емес, оның спортқа деген сүйіспеншілігін арттыруға да үлес қосады», – дейді ол.

Чемпион болу – табандылықтың жемісі

Чемпион атану үшін тек дене күші жеткіліксіз, ақыл-ой мен мінездің үйлесімі қажет. Нұрсұлтан спортты үлкен ғылым деп есептейді.

«Спортта техникалық, тактикалық және психологиялық дайындық қажет. Шет елде джиу-джитсуды "татамидегі шахмат" деп атайды. Бұл шындыққа жақын. Әр әдісті ойланып, күрестің тактикасын бағамдап әрекет еткен спортшы ғана жеңіске жетеді», – дейді ол.

Джиу-джитсу: спорт арқылы тәрбие

Нұрсұлтан тек спортты үйретумен шектелмейді. Ол балаларды адамгершілікке, табандылық пен өзара құрметке тәрбиелеуге ерекше назар аударады.

«Спорт – тәрбие мен табандылықтың мектебі. Біз спорт арқылы балаларды шыншыл, батыл әрі мейірімді азамат етіп тәрбиелеуге тырысамыз», – дейді чемпион.

Джиу-джитсу тек спорт емес, адамды жан-жақты дамытатын өмір мектебі. Нұрсұлтан Орынбасаров сияқты жандардың еңбегімен бұл спорт түрі елімізде кең қанат жайып келеді. Балалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып, спорт арқылы ұлттық рухты нығайту жолы жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:22

18:22

18:05

17:54

17:27

17:20

17:01

16:46

16:26

16:08

16:02

15:41

15:26

15:13

15:06

15:00

14:49

14:39

14:08

12:59

12:56

12:48

12:46

12:42

12:39