AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2025 жылы Алматыда туристерді тарту үшін тау инфра...

2025 жылы Алматыда туристерді тарту үшін тау инфрақұрылымын дамыту жалғасады

Әлеумет 04.12.2024, 16:02 951 dulatbekova
2025 жылы Алматыда туристерді тарту үшін тау инфрақұрылымын дамыту жалғасады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы саяхатшылар үшін жаңа мүмкіндіктер жасап, халықаралық туристік индустриядағы мәртебесін нығайта отырып, туристік әлеуетті дамытуды жалғастыруда.

2025 жылы Алматыда таулы және қалалық инфрақұрылымды дамытуға 697,4 млн. теңге бөлінеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

2025-27 жылдарға арналған бюджеттің тиісті жобасын Алматы Мәслихатының алдағы сессиясында қарау жоспарлануда. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Жоспарда навигациялық объектілері бар 10 тау маршруттарын құру, жету қиын жерлерде күн панельдері бар 3 кемпинг-аймақтарды жайластыру, «Алма-Арасан» термалды көзін реконструкциялау, туристік объектілердің тактильді үлгілерін дайындау, ақпараттық орталықтарға, тотемдер мен терминалдарға қызмет көрсету бар. Бұл іс-шаралар Алматының бірегейлігін, оның мәдени және табиғи көрікті жерлерін, сондай-ақ туристік өнімдердің алуан түрлілігін көрсетеді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы Алматы қаласының туризм басқармасы 10 тау бағытын абаттандыру жұмыстарын аяқтады (1. "Тұйық Су" альплагеріне соқпақ жол.  2.  Юннат көлі-Бутаковка-Орман асуы. 3.  Юннат соқпақтары 4.  "Ақ-Қайың" шипажайы - Кіші Алматы шатқалы 5.  ҮАО-Погребецкий шыңы 6.  КАШ.Тұйық су альплагері – "Тұйық су" мұздығы.  7.  Бутаковка-Бұлақ (Бутаков шатқалында 2 км соқпақ абаттандырылды, өзен арқылы өткел салынды, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған орындықтар мен беседкалар орнатылды.) 8.  Медеу. Демалыс жолы 9.  Медеу. Қаракүнгей жотасы. Бақылау палубасы ("піл") 10.  Медеу. Қаракүнгей Жотасы. "Серкебай" шеңбері).

Тау соқпақтарының бойында 367 ақпараттық белгі, 15 беседка, 66 орындық, 6 демалыс платформасы, 4 көпір орнатылған. Барлық элементтер ауа-райының қолайсыздығына төзімді жоғары балқитын болатты қоса алғанда, беріктігі жоғары материалдардан жасалған. Вандалдарға қарсы конструкциялар қолданылды, бұл инфрақұрылымның ұзаққа төзімділігі мен беріктігін, тіпті қарқынды жұмыс кезінде де қамтамасыз етеді.

Қауіпсіздікке ерекше назар аударылады: өзендер арқылы берік өткелдер салынды, сонымен қатар маршруттар физикалық дайындығы  әртүрлі  адамдарға бейімделді. Жұмыстар қала тұрғындары мен қонақтары арасында осы бағыттардың жоғары танымалдылығын ескере отырып жүргізілді. Ыңғайлы және қауіпсіз маршруттар жаяу серуендеу тәжірибесін жақсартуға ғана емес, сонымен қатар аймақтың табиғи байлығын көрсетуге де арналған.

Алматының таулы бағыттарын абаттандыруға жүйелі қадам туристер тарта түсетін жаңа орындарды  құруға ықпал етеді. Жарқын мысалдардың бірі - инфрақұрылымды жақсарту бойынша кешенді жұмыстар аясында 2023 жылы Малыш шыңында орнатылған орындық. Малыш шыңы туристер мен табиғат әуесқойлары арасында танымал болды, бірақ бұл бағытқа қызығушылықты арттыру үшін қосымша екпін қажет болды - қазір орындық маңызды элементке айналды, нысанды туристер үшін ерекше тартымдылыққа айналдырды.

Алматы қаласының Туризм басқармасы туристер мен қала тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға, ауа райы жағдайларын ескеруге, таулы серуендеуге мұқият дайындалуға, сондай-ақ табиғи орта мәдениетін ұстануға шақырады. Табиғат пен қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау, тазалықты сақтау, қоқыстарды жинау және болашақ ұрпақ үшін айналадағы ландшафттардың ерекше сұлулығын сақтау қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #туризм #дамыту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);