Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Парламенттің ашықтығы – мемлекет пен қоғам арасынд...

Парламенттің ашықтығы – мемлекет пен қоғам арасындағы сенімнің негізі

Саясат 04.12.2024, 16:08 669
Парламенттің ашықтығы – мемлекет пен қоғам арасындағы сенімнің негізі
Сенаттың Баспасөз қызметі

Дөңгелек үстелге қатысқан депутат Бибігүл Жексенбай осылай деді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатының басым бағыттарының бірі - биліктің барлық тармақтары мен қоғам арасындағы диалогты дамыту, азаматтардың мемлекет басқаруына барынша қатысуын қамтамасыз ету екенін атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Парламент ашықтығы туралы декларацияның негізгі ұстанымдарына сәйкес парламент ашықтығын нығайту арқылы Қазақстан Республикасы Парламентінің рөлі мен әлеуетін арттыру» тақырыбы бойынша өткен дөңгелек үстелді Парламентаризмді дамыту қоры және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы ұйымдастырды.

«Мемлекет басшысы, біздің қоғамды толғандыратын негізгі проблемалар өркениетті азаматтық диалог аясында Парламентте талқыланып, өз шешімін табуы тиіс екендігіне үнемі назар аударып келеді. Қазіргі кезеңде инклюзивтілікті арттыру, заң шығарушы органда әртүрлі саяси күштер мен әлеуметтік топтардың өкілдігін кеңейту, қоғамға ашықтық және транспаренттілік депутаттық корпус жұмысындағы маңызды қағидаттар болып табылады. Парламент Сенатының жанындағы әр бағыттағы кеңестер мен депутаттық топтардың қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтармен бірлесе жүргізіліп келе жатқан жұмыстар ауқымы көп», - деп атап өтті сенатор Бибігүл Жексенбай.

Дөңгелек үстелге қатысушылар деректердің ашықтығы мен азаматтардың қатысуының маңыздылығын талқылады. Сондай-ақ халықаралық озық тәжірибелерді қарастырды және Парламент ашықтығы туралы декларацияның қағидаттарын жергілікті ахуалға бейімдеуге қатысты ұсыныстар енгізді. Парламент ашықтығын одан әрі нығайтуға негіз болатын жол картасын әзірлеу тәсілдерін келісу – негізгі қорытындының бірі болды.

Сонымен қатар азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты өзара іс-қимыл тетіктері, коммуникация мен сенім деңгейін арттыруға бағытталған шаралар белгіленді. Бұл шара қазақстандықтардың мүддесіне бағытталған ашық және айқын Парламент қалыптастыру жолындағы маңызды қадамға айналды. Шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Парламентаризм институтының басшылығы, ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі және басқа да ұйымдар қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бибігүл Жексенбай #Парламент Сенаты #ЕҚЫҰ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика