Алматыда тұрғылықты жерінде тіркеусіз тұрып жатқан 4 мыңнан астам азамат анықталды

Алматыда тұрғылықты жерінде тіркеусіз тұрып жатқан 4 мыңнан астам азамат анықталды Сурет: Polisia.kz

Алматыда құқық қорғау органдары әкімшілік аумақтарда қылмыстың алдын алу шараларын күшейтті.

Қалада «Учаске» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, оған жергілікті полиция қызметкерлері, көші-қон қызметі, экстремизмге қарсы күрес бөлімшелерінің өкілдері жұмылдырылған.

Іс-шара басталғалы бері полиция қызметкерлері 528 мыңнан астам пәтер мен жеке тұрғын үйлерді аралап шықты. Нәтижесінде тұрғылықты жерінде тіркеусіз тұрып жатқан 4 мыңнан астам азамат анықталып, олардың барлығы ҚР ӘҚбК-нің 492-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар профилактикалық есепте тұрған 5 мың 363 адам тексерілді. Оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасағандар, сондай-ақ азаматтық қарудың 36 мың 335 иесі тексерілді. Оларға профилактикалық әңгіме жүргізілді.

– Полиция қызметкерлерінің міндеті – азаматтармен тығыз, сенімді қарым-қатынас орнату, қылмыстардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу және құқық бұзушылықтардың алдын алу, – деп атап өтті Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21