конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Өзін-өзі құмар ойындардан шектеу мерзімі 10 жылға...

Өзін-өзі құмар ойындардан шектеу мерзімі 10 жылға ұзартылды

Әлеумет 04.12.2024, 17:20 925
Өзін-өзі құмар ойындардан шектеу мерзімі 10 жылға ұзартылды
Сурет: Kazgazeta.kz

Бұған дейін азаматтар өзін құмар ойындардан 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге шектей алатын. Енді бұл мерзім 10 жылға дейін ұзартылды.

Қызметті eGov mobile қосымшасы арқылы пайдалануға болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, аталған қызмет өтінімдерді өңдеу уақытын қысқартуға және өзін құмар ойындардан шектеу жүйесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл кез келген азаматқа барлық лицензияланған ойын алаңдары мен онлайн букмекерлік платформаларға кіруді шектеуге мүмкіндік береді.
 
Айта кетейік, қызмет тек 21 жастан асқан адамдар үшін қолжетімді.

Қызметті пайдалану үшін мынадай қадамдар жасау қажет:
  • eGov mobile қосымшасына кіріп, «Қызметтер» → «Спорт» бөлімін таңдаңыз;
  • «Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектеу қою» қызметін таңдаңыз;
  • Шектеудің аяқталу жылын және айын көрсетіп, «Қызметке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз;
  • Өтінішке Face ID/Touch ID арқылы қол қойыңыз.

Өтініш бергеннен кейін қолданушы құмар ойындарға қатысуға шектеу қойылған тұлғалар тізіміне автоматты түрде енгізіледі және өтініш кері қайтарылмайды. Бұған дейін шектеу қойғандар үшін мерзімді ұзарту мүмкіндігі де бар.

Жаңартылған қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетімен бірлескен жұмысының нәтижесінде енгізілді.

Бүгінге дейін 173 868 адам өзін құмар ойындардан шектеген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Құмар ойын #шектеу #10 жылға ұзарту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Әбдіров Маңғыстаудағы Құрылтай сайлауына дайындық барысымен танысты

Бүгін 09:31

11 тамызда ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:05

Алматыда бір тәулікте 2 мыңнан астам жол ережесі бұзылды

Бүгін 08:15

Медеу ауданында Абайдың рухани мұрасы ұлықталды

Кеше 18:35

Этномәдени бірлестіктер өкілдері Алматыда Абай мұрасына арналған кездесуге қатысты

Кеше 18:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);