конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / 70 мыңға жуық қазақстандықтың шоттары бұғатталды

70 мыңға жуық қазақстандықтың шоттары бұғатталды

Қаржы 04.12.2024, 15:00 1,371
70 мыңға жуық қазақстандықтың шоттары бұғатталды
Сурет ЖИ

2024 жылы Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі аяқталды. Бұл кезеңде елдегі және шетелдегі активтерін алғаш рет компания басшылары, құрылтайшылары және жеке кәсіпкерлер декларациялады. 

Декларацияларды қабылдау 16 қыркүйекте аяқталды. Салық органдары құжаттарды тапсыру қажеттігін БАҚ арқылы және SMS-хабарламалар арқылы тұрақты түрде еске салып отырды.

«Егер жеке кәсіпкер немесе саудамен айналысатын адам декларация тапсырмаса, олардың банк шоттарындағы операциялар уақытша тоқтатылуы мүмкін. Заң бұзушылықтарды жойғаннан кейін шоттар бір жұмыс күні ішінде қайта ашылады. Декларацияны уақытында тапсырып үлгермеген азаматтарға бірінші рет ескерту беріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылады, — деп хабарлады Қаржы министрлігі.

Биыл декларацияны 4,8 миллион адам тапсыруы тиіс болатын. Олардың ішінде 68,3 мың жеке кәсіпкер мен жеке саудамен айналысатын адамдардың банк операциялары бұғатталған.

17,5 мыңнан астамы заң бұзушылықтарды жойып, олардың шоттары қайта ашылды.

Қараша айының соңында көпшілік үшін декларациялау міндеттемесінің жойылғанын Қаржы министрі Мәди Такиев түсіндірген болатын. Ол декларациялаудың мемлекеттік қызметкерлерге, квазимемлекеттік сектор басшыларына және олардың жұбайларына қатысты сақталатынын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#декларация #кәсіпкер #қаржы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алаяқтар енді балалар арқылы ата-ананың ақшасын ұрлауға кірісті

Бүгін 12:25

Қазақстанда азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады

Бүгін 12:15

Алматылықтар Сұлтан Сүлейманмен кездеседі

Бүгін 12:10

Jas Vibe Алматы аудандарын аралап жүр: акцияға 5 мыңнан астам адам қатысты

Бүгін 11:59

Еңбек биржасында ұшқыштар ең жоғары жалақы сұраған

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);