Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Нұрсұлтан Рақышев: Алматы прокуратурасы Artsport б...

Нұрсұлтан Рақышев: Алматы прокуратурасы Artsport бағдарламасын тексеріп жатыр

Әлеумет 28.09.2022, 09:21 1,087
Нұрсұлтан Рақышев: Алматы прокуратурасы Artsport бағдарламасын тексеріп жатыр
Сурет: Д.Исаев

Алты қылмыстық іс қозғауға негіз бар.


Алматыда спорттық және шығармашылық тапсырысты жүзеге асыру бойынша қоғамдық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша Алматы қаласының прокуратурасы Artsport бағдарламасын тексеріп жатыр. Соның нәтижесінде айтарлықтай заң бұзушылықтар анықталған. Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Рақышевтың айтуынша, алты қылмыстық іс қозғауға негіз бар.



«Біреуінің материалдары алынып, қылмыстық іс қозғалды, қалғанына аудит, тиісті сараптамалар тағайындадық, бірнеше миллион бюджет қаражатын жымқыру анықталды. Мұнда бюджет қаржысын ұрлау үшін нақты схема қолданылғанын көріп отырмыз. Біз осы бағдарламаның жұмысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеуіміз керек. Бағдарлама функционалының өзі тиімсіз, бақылау-қадағалау органдарына бюджет қаржысының жұмсалуын уақытылы әрі тиімді бақылауға мүмкіндік бермейтінін көріп отырмыз. Сол себепті бүгінгі күні прокурорлық қадағалау актілерін енгіздік, онда осы бұзушылықтардың барлығын көрсеттік. Сонымен қатар, өткен жолы бұрын сотталған 10-нан астам жаттықтырушының балалармен жұмыс істеген фактілерінің бар екенін айттық. Тексеру жалғасуда»,- деді Нұрсұлтан Рақышев. 



Прокурордың сөзіне жүгінсек, 3000-нан астам бала шетелде болса да, қағаз жүзінде үйірмеге тіркелген, 5000-нан астам сабақ өткізілмеген. 



«Бұл ретте, еңбек шарттарын жасаспаған, зейнетақы аударымдары жүргізілмеген жаттықтырушылардың өздеріне қатысты да еңбек құқықтарының бұзылуына жол берілді. Бірнеше миллион долларлық залал келтірілді, тексеру әлі жалғасып жатыр. Бұған қоса, жүйенің жұмысына қатысты мәселелер бар. Қазір біз тексеру комиссиясымен бірлесіп, бақылау-қадағалау органдарына жоқ ЖСН, басқа облыстарда тұратын балалар және т.б. с.с алаяқтықтың жолын кесу үшін бағдарламаның өзіне техникалық аудит жүргізуді пысықтап жатырмыз. Жақында соңғы нәтижелері шығады»,- деді прокурор.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #спорт #прокуратура
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үкімет Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Бүгін 15:57

Алматыда шығарындыларға бақылау күшейтіліп, төмен эмиссиялы аймақтар енгізіледі

Бүгін 15:45

Алматыда жоғары оқу орындары арасындағы ең ауқымды спорттық турнир - ALMA CUP 2026 басталады

Бүгін 15:41

Алматыда №27 емхана мен стационарлардың қабылдау бөлімшелері тексерілді

Бүгін 15:38

Атырауда мектеп маңында жеті жасар қызды көлік қағып, қаза тапты

Бүгін 15:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика