AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда 13 жас дарын иесі идеясын жүзеге асыру үш...

Алматыда 13 жас дарын иесі идеясын жүзеге асыру үшін бір миллион теңгеден грант алды

Алматы Бүгін 11:42 34
Алматыда 13 жас дарын иесі идеясын жүзеге асыру үшін бір миллион теңгеден грант алды
Алматы әкімдігі

Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығын мерекелеу аясында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасының жеңімпаздары марапатталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Болашағы зор бастамалардың 13 жас авторы ғылым, мәдениет, ақпараттық технология, бизнес, еріктілік және медиа салаларындағы жобасын жүзеге асыру үшін 1 млн теңгеден грант алды. Гранттық қолдаудың жалпы көлемі 13 млн теңге. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері хабарлады.

Жоба талантты әрі бастамашыл жастарды қолдауға, олардың кәсіби, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ болашағы зор идеяларды нақты жобаларға айналдыруға жағдай жасауға бағытталған. Қоғамға нақты пайда әкелетін, қалалық ортаның дамуына ықпал ететін және жас мамандарға жаңа мүмкіндіктер ашатын бастамаларға ерекше назар аударылады.

Биыл гранттық қолдау алты бағыт бойынша бөлінді. Ғылым, мәдениет, еріктілік, ақпараттық технология және медиа салалары бойынша екі жеңімпаздан анықталса, тағы үш грант жас кәсіпкерлерге берілді. 13 грант иегерінің әрқайсысына өз бастамасын жүзеге асыру үшін 1 млн теңгеден бөлінді.

Жеңімпаздарды іріктеу барысында конкурстық комиссия ұсынылған идеялардың өзектілігі мен жаңашылдығын, әлеуметтік маңызын, іс жүзінде жүзеге асыру мүмкіндігін және күтілетін нәтижесін ескерді. Қатысушылар заманауи технологияны, кәсіпкерлікті, мәдениетті дамытуға және қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бастамаларын ұсынды.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының жастарды әлеуметтендіру және ақпараттық жариялау бөлімінің басшысы Ермұхаммед Палмағанбетов Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында жас таланттарды қолдаудың айрықша мәнге ие екенін атап өтті.

«Тәуелсіздіктің басты жетістіктерінің бірі – болашағын туған елінде құруға ұмтылатын жасампаз ұрпақтың қалыптасуы. Бүгінгі шағын бастама ертең ірі ғылыми жаңалыққа, табысты бизнеске немесе қоғам өмірін өзгертуге қабілетті жаңа шешімге айналуы мүмкін. Біздің міндетіміз – жастардың идеясы қолдау тауып, нақты нәтижеге айналуы үшін жағдай жасау», – деді Ермұхаммед Палмағанбетов.

Алматы – Қазақстандағы ең ірі жастар, білім беру және инновациялық орталықтардың бірі. Бүгінде қалада 770 мыңға жуық жас тұрады. Олар ғылымның, кәсіпкерліктің, цифрлық технологияның, мәдениеттің дамуына және қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысып келеді.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының қолдауымен қалада жастардың әлеуетін ашуға, кәсіпкерлік дағдысын дамытуға, жас ғалымдарды қолдауға және кәсіби тұрғыда өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін жобалар іске асырылуда.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығында «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы ерекше маңызға ие. Тәуелсіздік жылдарында идеясын жүзеге асырып қана қоймай, елдің дамуына үлес қосуға ұмтылатын жастардың жаңа буыны қалыптасты. Осындай бастамаларды қолдау қаланың зияткерлік, экономикалық және шығармашылық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

Байқауды Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қоры ұйымдастырды.

Салтанатты рәсім барысында жеңімпаздарға гранттық сертификаттар табысталды. Көрсетілген қолдау жас авторларға жобасын іске асыруға, әзірлемесін дамытуға, кәсіпкерлік бастамаларын қолға алуға және әлеуметтік маңызы бар идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жеңімпаз жобалардың жүзеге асырылуы жастар кәсіпкерлігінің, ғылыми зерттеулердің, креативті индустрия мен қоғамдық бастамалардың дамуына ықпал етіп, Алматының талантты жастарына әлеуетін жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#грант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Халықаралық велосипедшілер одағының басшысы Давид Лаппартьенмен елімізде велоспортты дамыту мәселелерін талқылады

Бүгін 11:45

Алматы жаңбырдан кейін де қалыпты жұмыс ырғағын сақтады

Бүгін 11:31

Көлік, экология мен әлеуметтік теңдік: Алматының тұрақты даму мониторингі нені көрсетті?

Бүгін 11:23

Президент Халықтық құрылыс бойынша мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті

Бүгін 11:09

Алматының қаржы нарығына шолу: депозиттердегі қаражат 10 трлн теңгеге жуықтап, бизнеске несие беру көлемі артты

Бүгін 10:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);