Коммуналдық қызметтер жаңбыр салдарынан болуы мүмкін су басу жағдайларының алдын алу үшін күшейтілген режимде жұмыс істеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Қалада тәулік ішінде 9 мм жауын-шашын түсті. Қала көшелеріне 3 250 жұмысшы мен 1 225 арнайы техника жұмылдырылды. 85 жедел бригада кезекшілік атқарып, 97 мотопомпа мен 5 мыңға жуық құм салынған қап дайындалды.
Коммуналдық қызметтердің үйлесімді әрі жедел жұмысының нәтижесінде қалада су басу жағдайлары тіркелген жоқ.
Алдағы күндері де ауа райы тұрақсыз болады. 26 қараша күні күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, 27 қарашада жауын-шашын болуы мүмкін. Осыған байланысты қалалық қызметтер жағдайды бақылауда ұстап, қажет болған жағдайда жедел әрекет етуге дайын.