AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / «Көрнекі ақпарат – көркем тіл» қалалық байқауы өтт...

«Көрнекі ақпарат – көркем тіл» қалалық байқауы өтті

Алматы Бүгін 13:08 22
«Көрнекі ақпарат – көркем тіл» қалалық байқауы өтті

2026 жылғы 24 қарашада Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырмасымен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының ұйымдастырған «Көрнекі ақпарат – көркем тіл» қалалық байқауы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Байқаудың мақсаты – жарнама және көрнекі ақпарат саласында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ тіліндегі мәтіндердің сауаттылығы мен көркемдік сапасын арттыру, кәсіби копирайтерлер мен аудармашылардың шығармашылық еңбегін қолдау және үздік тәжірибелерін насихаттау. Сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілерін, жарнама агенттіктерін, мекемелер мен ұйымдарды қазақ тіліндегі ақпараттық материалдардың сапасына жауапкершілікпен қарауға ынталандыру, копирайтерлер мен аудармашылардың шығармашылық еңбегін дәріптеу көзделді.

Байқауға Алматы қаласында тіркелген немесе қызмет атқаратын заңды тұлғалар, кәсіпкерлік субъектілері, жарнама агенттіктері, мекемелер мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік тілде жарнама мәтіндерін әзірлейтін копирайтерлер мен аудармашылар қатысты. Қатысушылар қала аумағында орналастырылған маңдайшалар, сыртқы жарнама, баннерлер, билбордтар, сауда және қызмет көрсету орындарындағы ақпараттық тақталар мен көрсеткіштер, баспа және бейнежарнама, әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстардағы жарнамалық материалдарын ұсынды.

Байқауға жалпы саны 100-ден астам жұмыс келіп түсті. Ұсынылған материалдар мазмұны, тақырыптық бағыты мен көркемдік шешімі жағынан ерекшеленді. Қатысушылардың еңбектері байқау талаптарына сәйкес сарапталып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, жарнама мәтіндерінің тілдік сауаттылығы мен көркемдік сапасын арттыруға бағытталған үздік жұмыстар іріктелді.

Байқау ережесіне сәйкес, жұмыстар үш кезең бойынша сарапталды. Алғашқы кезеңде байқау туралы ақпарат жарияланып, қатысушылардың өтінімдері мен шығармашылық жұмыстары қабылданды. Екінші кезеңде ұсынылған материалдар қазылар алқасының сараптауынан өтіп, белгіленген бағалау өлшемдері бойынша қаралды. Үшінші кезеңде байқау қорытындыланып, қазылар алқасының шешімі негізінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Байқауға ұсынылған жұмыстарды бағалау үшін тіл білімі, әдебиет, журналистика, медиа және жарнама салаларында еңбек етіп жүрген білікті мамандар мен тәжірибелі сарапшылардан құралған қазылар алқасы жасақталды. Атап айтқанда, қазылар алқасының төрағасы –  философия докторы (PhD), Халықаралық Махмұт Қашқари атындағы сыйлықтың иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы-драматург, әдебиеттанушы ғалым, алаштанушы, сыншы әрі аудармашы Байбол Әлібек Уәлиханұлы, философия докторы (PhD), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Өнер факультетінің деканы Байгутов Карим Алимханұлы, философия докторы (PhD), «Білім мазмұнын дамыту» институтының директоры Жетiбай Рақымберді Қажығалиұлы, «Тұран» университетінің «Медиа және мәдениетаралық коммуникация» жоғары мектебінің сениор-лекторы Мазинова Айнагүл Жалғасбайқызы және «Almaty Aqparat» медиахолдингінің креативті директоры, журналист Ермекова Қуаныш Айдарбековна болды.

Қазылар алқасы жұмыстарды бекітілген ережеге сәйкес бірнеше негізгі өлшем бойынша бағалады. Атап айтқанда, мәтіндердің қазақ тілінің орфографиялық, грамматикалық, лексикалық және стилистикалық нормаларына сәйкестігі, мазмұнның өзектілігі мен тәрбиелік, әлеуметтік-мәдени мәні, тілдік және көркемдік сапасы, бейнелілігі мен ерекшелігі, шығармашылық шешімнің жаңашылдығы, сондай-ақ ақпараттың түсініктілігі мен көрнекілік деңгейі назарға алынды.

Әрбір жұмысты қазылар алқасының мүшелері жеке бағалап, қорытынды ұпай орташа балл негізінде есептелді. Осылайша, ұсынылған жұмыстардың мазмұны ғана емес, тілдік сауаттылығы, көркемдік ерекшелігі мен безендірілу сапасы да кешенді түрде қарастырылды.

Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар іріктеліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Ережеге сәйкес, байқаудың жалпы жүлде қоры 1 000 000 (бір миллион) теңгені құрайды. Бас жүлде – 300 000 теңге, І орын – 200 000 теңге, ІІ орын – 150 000 теңге, ІІІ орын – 100 000 теңге. Сонымен қатар «Ең көркем жарнама мәтіні» және «Үздік аударма» номинациялары бойынша 75 000 теңгеден екі сыйлық, сондай-ақ 50 000 теңгеден екі ынталандыру сыйлығы қарастырылған.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады. Сондай-ақ, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімі 2026 жылғы 9 желтоқсанда Алматы қаласында ұйымдастырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде тұңғыш рет балалардағы күрделі қан тамырлары ауруларын емдейтін әдіс енгізілді

Бүгін 12:20

Олжас Бектенов Халықаралық велосипедшілер одағының басшысы Давид Лаппартьенмен елімізде велоспортты дамыту мәселелерін талқылады

Бүгін 11:45

Алматыда 13 жас дарын иесі идеясын жүзеге асыру үшін бір миллион теңгеден грант алды

Бүгін 11:42

Алматы жаңбырдан кейін де қалыпты жұмыс ырғағын сақтады

Бүгін 11:31

Көлік, экология мен әлеуметтік теңдік: Алматының тұрақты даму мониторингі нені көрсетті?

Бүгін 11:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);