Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мереке күні 60 отбасына пәтер кілті табысталды

Мереке күні 60 отбасына пәтер кілті табысталды

Әлеумет 23.06.2021, 10:37 1,582
Мереке күні 60 отбасына пәтер кілті табысталды

Жаңа қоныстанушыларға пәтер кілттері Қазақстан полициясы күнінде салтанатты түрде табыс етілді.


Алматы облысында 60 полиция қызметкерінің отбасы баспаналы болды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Жаңа қоныстанушыларға пәтер кілттері Қазақстан полициясы күнінде салтанатты түрде табыс етілді. Рәсімге Алматы облысы әкімінің орынбасары Ләззат Тұрлашев, Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев , «Отбасы Банк» АҚ облыстық филиалының басшысы Ғалымжан Шалғымбаев қатысты.




 «Бүгін біз департамент үшін маңызды оқиғаның куәсі болып отырмыз – 60 қызметкеріміздің отбасы өз баспаналарына ие болды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты басты басымдық болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты, сондай-ақ «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасын» іске асыру шеңберінде ҚР Ішкі істер министрі әскери қызметшілерге ұқсас тұрғын үйді сатып алу үшін оны жалға алғаны үшін өтемақы төлеуді полиция қызметкерлеріне пайдалану мүмкіндігі туралы мәселені бастамашылық етіп, одан әрі Үкімет қолдаған. Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа, оның орынбасарларына, сондай-ақ Талдықорған қаласының әкіміне алғыс айтқым келеді. Олардың көмегінің арқасында біздің қызметкерлер жаңа үйден пәтер кілттерін алды», – деп атап өтті өз сөзінде Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев.



Сонымен қатар спикер полиция қызметкерлері үшін тұрғын үй сатып алуда «Отбасы Банк» маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Бұл банк тез арада жауап қайтарып, полиция қызметкерлеріне қарыз беруді шешті. Банкке төрт жүзге жуық қызметкердің тұрғын үй сатып алуға құжаттары жолданды. Бірінші кезеңде тексеріп, зерделегеннен кейін олардың 60-ы мақұлданған.




«Қазіргі кезеңде полицияның негізгі міндеттерінің бірі «қадамдық қолжетімділік» болып табылады. Көріп отырғанымыздай, мемлекет оны тиімді шешу үшін барлық қажетті жағдайларды жасауда. Біз отандастарымыздың қауіпсіздігіне деген сенімділікті, олардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ оған мұқтаж адамдарға көмек көрсету үшін барлық шараларды қабылдайтын боламыз. Бүгінгі іс-шара – бұл алғашқы тәжірибе. Бұдан әрі қолда бар тәжірибені ескере отырып, оңтүстік өңірдің аудандық бөлімшелері – Қарасай, Талғар, Іле аудандарының қызметкерлері үшін үйлер салуды жоспарлап отырмыз», – деп түйіндеді Серік Күдебаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Польша #Казахстан #война #могилы #Алматы #полиция #пәтер #баспана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі халықаралық IB бакалавриатын енгізіп жатыр

Бүгін 21:43

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37

2025 жылы 1757 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған

Бүгін 17:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика