AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Риновирус – суық тиюдің ең жиі кездесетін себептер...

Риновирус – суық тиюдің ең жиі кездесетін себептерінің бірі

Әлеумет Бүгін 14:10 57
Риновирус – суық тиюдің ең жиі кездесетін себептерінің бірі

"Газета.Ru" басылымында жарияланған материалда инфекционист дәрігер Анна Баландина риновирустық инфекцияны басқа аурулармен шатастырмау үшін қандай белгілерге назар аудару керектігін түсіндірді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, риновирус – суық тиюдің ең жиі кездесетін себептерінің бірі. Ауру белгілері салыстырмалы түрде жеңіл өтетіндіктен, адамдар көбіне оған мән бермей, төсек режимін сақтамайды.

"Риновирустық инфекциядан айырмашылығы, тұмау көбіне кенеттен басталады. Дене қызуы жоғарылап, қатты әлсіздік пайда болады және дене сырқырайды. Алайда ауру қоздырғышын тек белгілеріне қарап нақты анықтау мүмкін емес. Қажет болған жағдайда арнайы тестілеу жүргізіледі", – деді дәрігер.

Анна Баландинаның айтуынша, ересектердің басым бөлігінде риновирустық инфекция асқынусыз өтеді. Әдетте ауру түшкіру, мұрынның бітелуі және мұрыннан көп мөлшерде сұйық бөлінді ағуы арқылы байқалады. Ересектерде дене қызуы көбіне қалыпты деңгейде сақталады немесе аздап көтеріледі.

Алайда балаларда риновирус отитке (құлақтың қабынуы), бронхитке және бронхиолитке (ұсақ бронхтардың қабынуы) әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ бронх демікпесі және өкпенің созылмалы аурулары бар адамдар да жоғары қауіп тобына жатады. Мұндай науқастарда риновирус негізгі аурудың асқынуына себеп болып, жөтелді күшейтіп, ентігуге әкелуі мүмкін.

Дәрігер аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде физикалық жүктемені азайтып, көбірек демалуға, бөлмені жүйелі түрде желдетуге және жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішуге кеңес береді. Ал денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Вирус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Күзде қандай көкөніс пен жеміс жеген дұрыс?

Бүгін 15:10

Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады?

Бүгін 12:32

Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді

Бүгін 12:26

Бүгінгі күннің валюта бағамы

Бүгін 12:05

Алматыда Республика күніне орай мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);