AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қа...

Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады?

Әлеумет Бүгін 12:32 66
Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады?

Қазақстанда Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Еліміздің барлық өңіріндегі сауда орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілерінде азық-түлік, киім-кешек, аяқкиім, тұрмыстық химия, техника және басқа да тауарларға арнайы баға ұсынылуда. Жекелеген тауарларға жеңілдіктер 50%-ға дейін жетеді.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі акция аясындағы бағаларға талдау жасап, тұтынушылардың түрлі санаттағы тауарларды сатып алу кезінде қанша қаражат үнемдей алатынын есептеді. Талдау өңірлер ұсынған ақпарат негізінде дайындалды.

Азық-түлік тауарлары

Астанада Bereke Fest акциясы аясында күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларына жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, күнбағыс майы - 1 349 теңгенің орнына 889 теңгеге, макарон өнімдерін (400 г) - 499 теңгенің орнына 329 теңгеге, ал 30 данадан тұратын жұмыртқа қаптамасын 2 134 теңгенің орнына 1 619 теңгеге сатып алуға болады.

Осылайша, аталған үш тауардан құралған азық-түлік қоржынының жеңілдіксіз құны 3 982 теңге болса, акция кезінде 2 837 теңгені құрайды. Сатып алушы 1 145 теңге немесе шамамен 29% үнемдей алады.

Тұрмыстық тауарлар

Арнайы жеңілдіктер тұрмыстық химияға да қарастырылған. Астанадағы сауда желілерінде кір жуғыш ұнтақ (5,5 кг) 10 239 теңгенің орнына 5 599 теңгеге, кір жууға арналған гель (2,145 л) 10 865 теңгенің орнына 7 389 теңгеге, ыдыс жууға арналған құрал (900 мл) 1 977 теңгенің орнына 1 679 теңгеге, ал сабын 669 теңгенің орнына 469 теңгеге ұсынылуда.

Аталған төрт тауардың жалпы құны 23 750 теңгеден 15 136 теңгеге дейін төмендейді. Осылайша, сатып алушы 8 614 теңге немесе шамамен 36% үнемдей алады.

Маусымдық киімдер

Алматыда Republic Day акциясы аясында күзгі киімдерге жеңілдіктер ұсынылған. Маусымаралық күртешелер 39 990 теңгенің орнына 25 990 теңгеге, джинсы шалбарлар 19 990 теңгенің орнына 13 990 теңгеге, әйелдер жемпірлері 16 990 теңгенің орнына 10 190 теңгеге, худилер 17 990 теңгенің орнына 10 790 теңгеге, ал балаларға арналған спорттық костюмдер 24 990 теңгенің орнына 13 740 теңгеге сатылуда.

Аталған бес тауардың жеңілдіксіз жалпы құны 119 950 теңге болса, акция аясында 74 700 теңгені құрайды. Осылайша, сатып алушы 45 250 теңге немесе шамамен 38% үнемдей алады.

Ұсынылған есептеулер жекелеген сауда нысандары берген бағалар негізінде жасалған және ықтимал үнемдеу мөлшерін көрсетеді. Жеңілдіктер көлемі, тауар түрлері мен арнайы ұсыныстардың шарттары дүкенге және өңірге байланысты өзгеруі мүмкін.

Акциялар Қазақстанның барлық өңірін қамтиды

Арнайы жеңілдіктер еліміздің өзге өңірлерінде де қарастырылған. Шымкентте тұрғындарға киім-кешек, аяқкиім, балалар тауарлары мен тұрмыстық техника жеңілдетілген бағамен ұсынылуда. Атырау облысындағы жекелеген сауда нысандарында жеңілдіктер 50%-ға дейін жетеді.

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында құрылыс, жөндеу жұмыстары материалдарына және үйді жабдықтауға арналған тауарларға арнайы бағалар белгіленген. Ұлытау, Батыс Қазақстан, Павлодар және басқа да облыстарда азық-түлік пен күнделікті тұтынатын тауарларға жеңілдіктер жасалуда.

Өңірлердің мәліметінше, сатып алушылар арасында маусымдық киімдер мен аяқкиім, азық-түлік, тұрмыстық химия, үйге қажетті тауарлар мен электроника өнімдері сұранысқа ие.

Еске сала кетейік, Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары 17–27 қазан аралығында (қоса алғанда) өткізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді

Бүгін 12:26

Бүгінгі күннің валюта бағамы

Бүгін 12:05

Алматыда Республика күніне орай мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:33

Елдік рух асқақтаған күн: Алматыда Республика күні қалай тойланды?

Бүгін 11:27

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: өңірлерде жаңа кәсіпорындар, инфрақұрылым және әлеуметтік сала нысандары ашылды

Бүгін 11:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);