AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Машақаты көп машина

Машақаты көп машина

Әлеумет 08.02.2023, 11:12 1,043 Almaty-akshamy.kz. 
Машақаты көп машина
Сурет: Аzattyq-ruhy.kz

Жеңілдетілген автонесие: екі күнде 2 549 млн теңгенің өтінімі мақұлданды



«Өнеркәсіпті дамыту қорының» баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 6 ақпаннан бері автомобильге берілетін жеңілдетілген несиеге 2 549 млн теңгенің өтінімі мақұлданған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Биылғы 6 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ autonesie.kz сайтында «Жеңілдікпен автокредиттеу» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау үшін пилоттық платформаны іске қосты. Платформаның алғашқы іске қосылу қорытындысы бойынша пулда 19 мен 62 жас аралығындағы 761 қатысушы тіркелді.


Платформа іске қосылғаннан бері autonesie.kz сайтына кірушілердің басым көпшілігі Алматыда – 31%, Астанада – 22,6% және Шымкентте – 9,3% байқалды. Платформаны алғаш іске қосуға арналған револьверлік қаражат көлемі – 7,6 млрд теңге. Бүгінгі таңда автосалондарға 463 қатысушы жүгініп, төлем шоттарын алды. Қатысушылар арасында ең танымал автомобиль брендтері – Hyundai және Chevrolet», - делінген мәліметте.



Өңірлер арасындағы көрсеткіш мынандай:


● Астана – 175;


● Алматы – 79;


● Қостанай обл. – 44;


● Жетісу обл. – 43;


● Шымкент – 41;


● Қарағанды обл. – 20;


● Шығыс Қазақстан обл. – 13;


● Ақтөбе обл. – 9;


● Солтүстік Қазақстан обл. – 7;


● Жамбыл обл. – 6;


● Атырау обл. – 5;


● Павлодар обл. – 5;


● Ақмола обл. – 4;


● Абай обл.- 4


● Маңғыстау обл. – 3;


● Түркістан обл.-3;


● Батыс Қазақстан обл. – 2;



Қазіргі таңда Бағдарламаға қатысушы банктер («Еуразиялық банк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «ForteBank» АҚ) жалпы сомасы 2 549 млн теңгеге өтінімдерді қабылдады және мақұлдады. Платформада өтінім берген сәттен бастап, автомобиль берілгенге дейін жеңілдікпен кредит ресімдеудің жалпы мерзімі күнтізбелік 60 күннен аспайды. Сондай-ақ, бір банк кепілдік хат беруден бас тартқан жағдайда, өтініш берушінің бағдарламаға қатысушы басқа банкке жүгінуге құқығы бар екенін атап өткен жөн», - деп жазады қордың баспасөз қызметі.



Бұған дейін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өкілдері алғашқы лекке кірген 761 өтінімнің кейбірі кері қайтарылуы мүмкін екенін хабарлаған еді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #автонесие #несие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);