AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Түркі әлемі ғалымдары Алматыда бас қосады

Түркі әлемі ғалымдары Алматыда бас қосады

Алматы Бүгін 12:15 47
Түркі әлемі ғалымдары Алматыда бас қосады

Түркі әлемінің түрлі елдерінен көрнекті ғалымдарды, академиялық қауымдастық пен ұйым өкілдерін біріктіретін III Халықаралық түркі әлемі ғылым сыйлықтарын табыстау рәсімі 2026 жылғы 8 қазанда, бейсенбі күні Алматыда өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Түркі әлеміндегі ең ірі үкіметтік емес ұйымдардың бірі — Түркі әлемі Йөрүк-түрікмен бірлестігі ұйымдастыратын бұл іс-шара түркі әлемінің ғылыми әлеуетін танытуға, өткен дәуірлердегі ұлы ғалымдардың мұрасын дәріптеуге және бүгінгі табысты ғалымдарды ғылым мен өркениетке қатысты ортақ көзқарас төңірегінде біріктіруге бағытталған. Іс-шараның негізгі ұстанымы — «Өткенге құрмет, болашаққа шабыт».

Бурсадан басталып, Солтүстік Кипрде жалғасқан Түркі әлемі ғылым сыйлықтарының жолы үшінші жылы Түркістан кеңістігінің маңызды орталықтарының бірі — Алматыға ұласып отыр. Бағдарлама аясында математика, физика, химия, инженерия, медицина, әлеуметтік ғылымдар, педагогика, тарих, түркология, тіл мен әдебиет секілді 16 түрлі салада ғылыми еңбектерімен ерекшеленген тұлғалар марапатталады.

Ұйымдастырушылардың ұзақ мерзімді мақсаты — түркі әлемінің ғылыми жетістіктерін халықаралық деңгейде мойындататын тұрақты әрі беделді дәстүр қалыптастыру. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Джемал Аккуш Түркі әлемі ғылым сыйлықтарының мазмұны, ғылыми деңгейі және халықаралық сипаты арқылы болашақта «Түркі әлемінің Нобелі» атанатын беделді ғылыми брендке айналуы үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

АТАЖҰРТТАҒЫ ҒЫЛЫМИ БАСҚОСУ

Түркі әлемі Йөрүк-түрікмен бірлестігінің бас төрағасы Ирфан Татлыоғлу бағдарламаның Қазақстанда өткізілуінің ерекше мәнін былай түсіндіреді:

«Тәңіртаудан Анадолыға, Алтайдан Балқанға дейін созылған ұлан-ғайыр кеңістік біз үшін өткенімізді ғана емес, ортақ болашағымызды да білдіреді. Түркі әлемінің шынайы бірлігі ортақ тарихи жадпен қатар, ортақ идеялар, ортақ жобалар және ортақ институттар арқылы нығая түсетініне сенеміз».

Бірлестік түркі әлемін ортақ тарих, тіл және мәдениет аясында ғана қарастырмайды. Ол түркі әлемін ғылым, білім, экономика, стратегиялық ойлау және халықаралық ынтымақтастық салаларында бірлесе әрекет ете алатын ортақ болашақ мұраты ретінде бағалайды. Конгрестер, академиялық зерттеулер және ғылым сыйлықтары арқылы түрлі елдердің ғалымдары мен ұйымдарын ортақ жобаларға біріктіру көзделген.

2026 ЖЫЛЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ КӨРНЕКТІ ТҰЛҒАЛАРЫ МАРАПАТТАЛАДЫ

2026 жылғы бағдарламада түркі әлемінің түрлі елдерінен ғылым және мәдениет қайраткерлері сыйлыққа лайық деп танылды.

Іс-шарада, әсіресе, қабылдаушы ел — Қазақстанның ғылыми қауымдастығы кеңінен таныстырылады. Келіп түскен мәліметтерге сәйкес, ғылым сыйлықтары аясында Қазақстаннан төрт ғалым марапатталады.

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ҰЙЫМДАРЫ АЛМАТЫДА БАС ҚОСАДЫ

Бағдарлама Тұран университетімен бірлесіп өткізіледі. Іс-шараға Түркі мемлекеттері ұйымы, ТҮРКСОЙ, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі — TİKA, Шетелдегі түріктер және туыстас қауымдастықтар басқармасы, сондай-ақ Юнус Эмре институты қолдау көрсетіп отыр. Бағдарламаға аталған мекемелердің және түркі әлемінің өзге де маңызды ұйымдарының өкілдері қатысады деп күтілуде.

Түркі әлемі Йөрүк-түрікмен бірлестігі 2016 жылы халықаралық деңгейдегі бірлестіктер одағы ретінде құрылған. Құрамына жүздеген конфедерация, федерация, қауымдастық пен қор кіретін бұл ауқымды азаматтық қоғам құрылымы Түркия мен түркі әлемі арасындағы мәдени және институционалдық ынтымақтастықты дамыту бағытында жұмыс жүргізеді.

БАҚ, АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚ ЖӘНЕ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ӨКІЛДЕРІНЕ ШАҚЫРУ

III Халықаралық түркі әлемі ғылым сыйлықтарын ұйымдастырушылар түркі әлемінің ғалымдарын, университеттерін, зерттеу мекемелерін, үкіметтік емес ұйымдарын, БАҚ өкілдерін және ғылымның ортақ болашағына үлес қосуға ниетті барлық ұйымдарды 8 қазанда Алматыда, Тұран университетінде өтетін маңызды басқосуға шақырады.

Іс-шара марапаттау рәсімімен шектелмей, түркі әлемінің ғылыми әлеуетін танытатын, елдер арасындағы академиялық байланыстарды дамытатын және жаңа ынтымақтастықтарға жол ашатын ортақ ғылыми алаңға айналуды мақсат етеді.

«Ғылымның шекарасы жоқ, бірақ әр өркениеттің ғылымда қалдырар өзіндік қолтаңбасы бар».

III Халықаралық түркі әлемі ғылым сыйлықтары түркі әлемінің осы қолтаңбасын Алматыдан болашаққа жеткізуге дайындалуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркі әлемі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

900 млрд теңгеге жуық инвестиция: Алматының қонақ үй нарығы қарқынды дамып келеді

Бүгін 12:17

Сапа стандарттан басталады: Алматыда тұтынушыларды қорғаудағы стандарттау мен метрологияның рөлі талқыланды

Бүгін 12:06

Алматы әкімдігі алданған жүздеген үлескердің қаражатын қайтаруға көмектесті

Бүгін 11:34

"Болашақ" бағдарламасына қатысты маңызды ақпарат жарияланды

Бүгін 11:16

Мемлекет басшысы Премьер-министрмен  және Құрылтай төрағасымен консультациялар өткізді

Бүгін 11:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);