AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / 900 млрд теңгеге жуық инвестиция: Алматының қонақ...

900 млрд теңгеге жуық инвестиция: Алматының қонақ үй нарығы қарқынды дамып келеді

Алматы Бүгін 12:17 50
900 млрд теңгеге жуық инвестиция: Алматының қонақ үй нарығы қарқынды дамып келеді

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыдағы орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 53,1 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы қалалық Туризм басқармасының өкілдері айтты.

Қаңтар-маусым айлары аралығында қаладағы қонақ үйлер мен өзге де орналастыру орындары 1,1 млн-нан астам қонақты қабылдады. Қазіргі таңда қалада туристер мен іскерлік сапармен келушілерге қызмет көрсететін 448 орналастыру нысаны жұмыс істейді.

Сонымен қатар, қаланың қонақ үй нарығы жаңа нысандармен белсенді түрде толығып келеді. Жыл басынан бері жеке инвестиция есебінен жалпы саны 1 103 нөмірге арналған 26 қонақ үй ашылды.

Бұдан бөлек, ауқымды жобалар іске асырылу және пысықталу сатысында тұр. Жалпы құны шамамен 900 млрд теңге болатын 87 қонақ үй жобасы аясында 9 590 жаңа нөмір ашу жоспарланған.

Алматыда жаңадан ашылатын және жоспарланып отырған қонақ үй жобаларының қатарында Radisson Blu Hotel Almaty Airport, Hilton Park Almaty, Marriott, Heritage, Hyatt Regency, Wyndham, JW Marriott Hotels, Radisson Hotel & Residences Almaty және The Veil сияқты халықаралық брендтер бар.

Осылайша, Алматының қонақ үй секторы қазіргі көрсеткіштердің тұрақты өсімін және алдағы кезеңге жоспарланған инвестициялардың ауқымдылығын көрсетіп отыр. Жаңа жобалар қонақ үй нөмірлерінің санын арттыруға, саяхатшылардың әртүрлі санаттарына арналған орналастыру мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ қаланың ірі халықаралық, іскерлік және туристік іс-шараларды өткізу әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Көрсетілетін қызмет көлемінің ұлғаюы, жаңа қонақ үйлердің ашылуы және шамамен 900 млрд теңге болатын инвестициялық жобалар портфелі Алматының Орталық Азиядағы жетекші туристік және іскерлік орталықтардың бірі ретіндегі жоғары әлеуетін айқындайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркі әлемі ғалымдары Алматыда бас қосады

Бүгін 12:15

Сапа стандарттан басталады: Алматыда тұтынушыларды қорғаудағы стандарттау мен метрологияның рөлі талқыланды

Бүгін 12:06

Алматы әкімдігі алданған жүздеген үлескердің қаражатын қайтаруға көмектесті

Бүгін 11:34

"Болашақ" бағдарламасына қатысты маңызды ақпарат жарияланды

Бүгін 11:16

Мемлекет басшысы Премьер-министрмен  және Құрылтай төрағасымен консультациялар өткізді

Бүгін 11:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);