AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Мамандар «мефедрон» иіскейтін бала көбейгеніне ала...

Мамандар «мефедрон» иіскейтін бала көбейгеніне алаңдаулы

Заң мен тəртіп 21.07.2025, 14:33 513
Мамандар «мефедрон» иіскейтін бала көбейгеніне алаңдаулы
Сурет: ашық дереккөз

Алматылық наркологтар жасөспірімдер арасында психобелсенді заттарға тәуелді ұл-қыздың саны артып келеді деп алаңдаулы.

Биыл кәмелет жасына толмаған 25 адам наркологиялық есепке ілінген. Олардың 5-уі ащы суға құмар, 16-сы – есірткіге, 4 бала уытты заттарға тәуелді.

Дәрігерлер синтетикалық заттарды тұтынушылар бойынша статистикалық көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 36 пайызға артты деп дабыл қағуда.  

– Диспансерлік есепке алғаннан кейін ай сайын біз тексереміз.
Егер орталыққа келмеген жағдайда жасөспірімді полиция қызметкерлері мәжбүрлі түрде бізге алып келеді. Оған стационарлық медициналық көмек көрсетеміз. 5 айда 107 жасөспірім стационарлық бөлімшелерде емделді. Басым бөлігі синтетикалық психобелсенді затты, соның ішінде «скорость», «мефедрон», «анфетамин» иіскеген немесе шегеді, – дейді Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығының психиатр-наркологы Құмарбек Мәкеев.

Психиатр-наркологтың айтуынша, синтетикалық заттардың қауіптілігі бұғанасы қатпаған баланың санасын жаулап, тез арада тәуелді қылады. Зат алмасу жүйесі бүлінеді. Екіншіден, мидың қызметі құлдырайды. Ойлау қабілеті тежеліп, сөйлеу, сөз құрастыруға өресі жетпейтін күйге түседі. Тамақ ішуге зауқы болмайды, айтарлықтай салмақ жоғалтады.

Психобелсенді заттардың тағы бір зияны – адамның психикалық көңіл-күйі құбылып, мінез-құлқы өзгереді. Әсіресе, оны тұтынған жасөспірім қорқыныш, үрей құшағында жүреді. Біреу ізін аңдып жүргендей немесе көзіне құбыжық елестеп, өзінен-өзі дүрбелең туғызып, жүйкесі сыр береді. Түрлі елес, галлюцинация діңкелетеді. Кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасына дәрігерлер сақ болуға, перзентіне көңіл бөлуге шақырады.

Елімізде 21 жасқа толмаған тұрғындарға алкоголь өнімдерін сатуға заңмен тыйым салынған. Мейрамханаларда, дәмханаларда, дүкендерде, жалпы бұл өнімді сатқан сауда нүктесі қомақты айыппұл төлейді. Соған қарамастан ащы суға тәуелді жасөспірімдер наркологиялық есепке алынған.  

– Сол затты тұтынбаса өмір сүре алмайтын, көп уақыттан бері шегу, иіскеуді, арақты ішуді дағдыға айналдырған балаларды динамикалық бақылауға аламыз. Ал оң мен солын танымай жатып сыра, араққа әуес болған олар дүкеннен қалай сусынды сатып алғанын айтпайды. Біздің орталықта жасөспірімдер кабинеті бар. Оларды емдейтін стационарлық бөлімшеде 3-4 төсек бар. Біздің нарколог-психиатрлар мектептерде, жоғары оқу орындарында профилактикалық іс-шаралар өткізеді, – дейді психиатр-нарколог. 

Мамандар бала есірткі заттарына немесе араққа бір күнде тәуелді болмайды дейді. Сондықтан ата-аналарға баласын отбасында қараусыз қалдырмауға, сабаққа бармайтын, тәбеті қашып, саяқ жүрген перзентінің көңіл-күйіне, мінезіне назар аударуға кеңес береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #нарколог #мефедрон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бибигүл Жексенбай алаяқтықтан зардап шеккендерді қорғаудағы олқылықтарды атап өтті

Бүгін 13:46

Алматыда тоғызқұмалақ ойнайтындар көбейіп келеді

Бүгін 13:39

Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Бүгін 12:28

Қыздарды селт еткізген, жігіттерді оятқан дәстүр: оның Наурызбен байланысы қандай?

Бүгін 12:05

Алатау қаласында жалға берілген жерлер қандай жағдайда кері қайтарылады?

Бүгін 11:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика