ffin.kz

Жол салатын отандық компаниялардан консорциум құрылады

Жол салатын отандық компаниялардан консорциум құрылады Сурет: Almaty-akshamy.kz

 Жол салатын 2 және одан да көп отандық компаниялардан консорциум құрылады. Бұл туралы Көлік министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.





«Бізде автомобиль жолдарының құрылысы халықаралық қаржы институттарының қарыздары есебінен, республикалық бюджеттен және жеке инвесторлардың қаражатына жүзеге асырылады. Қарыз арқылы жүзеге асырылатын жобаларды көп жағдайда шетелдік компаниялар жеңетінін мойындаймыз. Айта кету керек, бұл жағынан талаптар өте жоғары. Яғни, отандық компаниялар әрдайым осы жоғары талаптарға (қаржылық айналым, тәжірибе, техникамен жабдықтау және мамандардың кәсібилігі) жауап бере алмайды. Сондай-ақ, халықаралық қаржы институттары жол құрылысына мердігерлік ұйымдарды айқындау кезінде олардың ережелері мен талаптарына сәйкес конкурстар өткізеді», - деп атап өтеді министрліктен агенттіктің сауалына орай.




Ведомствоның атап өтуінше, осы мәселені түпкілікті шешу үшін Қазақстан Үкіметі қауымдастықтардың көмегімен халықаралық конкурстардың шарттары бойынша отандық компанияларға бірнеше түсіндіру жұмыстарын жүргізді.




«Бұдан басқа, біздің шарттарымызға сәйкес халықаралық қаржы институттарымен конкурсқа қатысу үшін біліктілік талаптарын оңайлату бойынша келіссөздер көзделген. Сонымен қатар 2 және одан да көп отандық компаниялардан құрылған консорциумдарды қалыптастыру жоспарланған. Осы шараның арқасында отандық компаниялардың деңгейі шетелдік компаниялармен бәсекелесе алады. Мұнан бөлек, шетелдік компаниялар үшін отандық компанияларды қосалқы мердігерлік жұмысқа тарту жөніндегі талаптар күшейтілетін болады. Қорытындылай келе, отандық компаниялардың тәжірибесін ескере отырып, болашақта олар ірі автожол жобаларын іске асыруға дайын деп санаймыз», - деп атап өтеді Көлік министрлігі.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32